Елімізде педофилдердің ДНҚ-сы жиналып, ортақ базада сақталмақ
Құрметті оқырман! Сiз «BNews.kz» АА сайтының ескі нұсқасын көріп тұрсыз. Бұл жерден 12.12.2016 ж. дейінгі барлық материалды көре аласыз.
Біздің жаңа сайтымыз www.bnews.kz орналасқан
Жоғары

Астана
USD 326.97
EUR 381.05
CNY 48.44
RUB 5.45


Елімізде педофилдердің ДНҚ-сы жиналып, ортақ базада сақталмақ

1 желтоқсан 2016 ж 10:48 , Астана

Полицейлер педофилдерді жазбай танитын болады! Елімізде ұл-қызды зорлаған азғындардың генетикалық базасы жасалмақшы.


Онда педофилдердің мекен-жайы мен жеке басы туралы ақпараттан бастап саусақ пен алақан іздері, шаш, қан секілді ДНҚ-сын анықтауға қажетті заттар сақталады. Сөйтіп, Ішкі істер министрлігі мың жарымға жуық азғынды арнайы тізімге енгізіп қоймақшы. Негізі мұндай бастама талай көтерілгенімен, бес жылдан кейін ғана іске асыру жоспарланған болатын. Бірақ, ұл-қыздар педофилдердің құрбанына айналып жатқанына алаңдаған депутат Балиева мұны қазірден қолға алу қажет деп отыр. Балаларды қаскөйлерден қорғауға арналған құжатты Мәжіліс бірінші оқылымда мақұлдап жіберді.

«Біз қоғамды барынша қауіпсіз еткіміз келеді. Әсіресе, балалар үшін. Түрмелерде қазір жүздеген педофил жазасын өтеп жатыр. Ертең олар бостандыққа шығып, бұрыңғы әдетіне қайта басуы мүмкін. Сондықтан оларды қазірден бақылауға алу керек», - дейді Мәжіліс депутаты Зағипа Балиева.

КТК


Қатысты жаңалықтар:
comments powered by HyperComments