Еліміздің басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болады
Құрметті оқырман! Сiз «BNews.kz» АА сайтының ескі нұсқасын көріп тұрсыз. Бұл жерден 12.12.2016 ж. дейінгі барлық материалды көре аласыз.
Біздің жаңа сайтымыз www.bnews.kz орналасқан
Жоғары

Астана
USD 331.42
EUR 355.75
CNY 48.35
RUB 5.58


Еліміздің басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болады

5 қаңтар 2016 ж 08:00
ФОТО: BNews.kz архивінен

Сейсенбі күні Қазақстанның басым аумағында қар-жаңбыр жауып, бұрқасындатады, жел күшейеді. Еліміздің шығыс өңірлері мен Ақтөбе, Қызылорда облыстарында ғана күн жауын-шашынсыз, деп хабарлайды BNews.kz.


Қазақстанның орталығында бұрқасындатып, жел күшейеді. Ақмола облысында желдің күші 15-20 м/с-ке дейін жетіп, күндізгі ауа температурасы -16...-18°C шамасында болады. Қарағанды облысында тек оңтүстік аудандарда күн ашық болады, басқа жерлерде қар жауып, бұрқасындатады. Күндіз ауа температурасы -7...-10°C, түнде −10...-13°C.

Қазақстанның солтүстік аймақтарының кей жерлерінде ауа райы жауын-шашынды болмақ. СҚО-да қар жауып, бұрқасындатады, күндіз ауа температурасы -19...-20°C, түнде −20...-22°C. Қостанай облысында қар жауып, ауа температурасы күндіз -16...-18°C, түнде −18...-21°C шамасында болады. Павлодар облысында ауа райы жауын-шашынсыз. Сынап бағанасы күндіз -19...-21°C, түнде −22...-24°C көрсетеді.

Шығыс Қазақстанда күндіз ауа температурасы −14...-17°C, түнде −17...-20°C, кей жерлерінде −22°C.

Еліміздің оңтүстік аймақтарында тұман түсіп, қар-жаңбыр жауады. Алматы облысында ауа температурасы күндіз −2...+2°C, түнде 0...-2°C.

Батыс Қазақстанда ауа райы құбылмалы болып, жауын-шашын күтіледі. Жел күшейіп, қар жауады. Ауа температурасы күндіз −9...-11°C, түнде −20...-22°C көрсетеді.


comments powered by HyperComments