Қайрат Нұртас Елбасыға ән арнады
Наверх

Астана
USD 335.71
EUR 357.36
CNY 48.76
RUB 5.23


Қайрат Нұртас Елбасыға ән арнады

1 желтоқсан 2016 ж 14:44 , Астана

Астанадағы Тәуелсіздік сарайында өткен жастар форумында танымал эстрада әншісі Қайрат Нұртас Елбасыға xалықтың ыстық-ықыласын жеткізіп, ән арнады.


«Құрметті Нұрсұлтан Әбішұлы! Бүгінгі бәріміз үшін атаулы мерекеде тілектеріміз жүрек түбін кернеп, кеудемізге сыймай тұр. Сіз біздің бағымыз болған Елбасымызсыз. Біз бір белеске жеткен болсақ, ол ең алдымен еліміздегі бейбіт күннің, тұрақтылықтың, халқымыз үшін жасалған сіздің ерен еңбегіңіздің жемісі деп білеміз. Замандастарыма, осы бейбіт күннің қадірін біліп, шүкіршілік етіп, еліміздің дамуы үшін бірлігімізді берік ұстайық дегім келеді. Әрине, құрметті Нұрсұлтан Әбішұлы, сізді Тәуелсіздігіміздің 25 жылдық мерекесімен құттықтағым келіп отыр. Қазіргі орындалатын ән еліміздің өзіңізге деген ыстық ықыласы деп қабыл алғайсыз», - деді әнші.

Айта кетейік, форумға еліміздің білім беру, денсаулық сақтау, кәсіпкерлік, мәдениет және спорт салаларының 1000-нан астам белсенді жастары қатысты.

Baq.kz


comments powered by HyperComments