Қазақ журналистикасы тәуелсіздікті енді-енді сезініп келеді – министр
Наверх

Астана
USD 334.89
EUR 361.61
CNY 48.7
RUB 5.28


Қазақ журналистикасы тәуелсіздікті енді-енді сезініп келеді – министр

23 қараша 2016 ж 17:36 , Астана
ФОТО: Ержан Жаубай

ҚСЗИ өткізген сарапшылардың бүгінгі кездесуіне ҚР ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев келді. Министр кездесу барысында BAQ.kz ақпараттық агентігі журналисінің сауалына жауап берді, деп хабарлайды BNews.kz.


Журналистің қойған «Тәуелсіздік жылдарындағы қазақ журналистикасының келбеті қалайша өзгерді?» деген сұрағына жауап берген министр еліміздің журналистикасы енді-енді ғана тәуелсіздікке қол жеткізіп келе жатқандығын айтты.

«Шыны керек, дәл қазір бұл сұраққа бір сөзбен жауап беру қиын. Менің ойымша, бүгінде біздің журналистикамыз енді-енді тәуелсіз журналистика болып қалыптасып келеді. Сондай сана-сезім енді жетіліп келе жатыр. Біздің журналистикамыз әлі өз орнын тапқан жоқ деп ойлаймын. Бұл үрдіс енді ғана қарқын алып келеді. Жақын арада бір жағына шығады деген ойдамын. Қазір Қазақстан журналистикасы заман талабына сай, жан-жақты, нағыз Тәуелсіздікке сай журналистика болып қалыптасып келеді», – дейді Д.Абаев.

Айта кетейк, бұған дейін министр ақпараттық қауіпсіздікке қатысты өз ойын білдірген болатын. Оның ойынша, Қазақстанның қазіргі ақпараттық қауіпсіздігінің бір осал тұсы ол  –  таза шетелдік арналарды көрсететін спутниктік табақтар. Және осыған орай министрлік тарапынан арнайы жұмыстар жүргізіліп жатыр.

Сонымен қатар министр алдағы уақытта атқарылатын бірқатар бағдарламаларды да атап өтті. Онда отандық рейтингтік компания, ардагер журналистерге қатысты арнайы жобалар және ақпараттық қолдау бойынша БАҚ-қа бөлінетін тендерлік жүйе жайлы сөз болды.

ҚСЗИ келесі кездесуін ҚР Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбекпен өткізетін болады.


comments powered by HyperComments