«Қазақстан аруы – 2016» қатысушылары мектеп-интернатта қайырымдылық шарасын өткізді
Наверх

Астана
USD 334.89
EUR 361.61
CNY 48.7
RUB 5.28


«Қазақстан аруы – 2016» қатысушылары мектеп-интернатта қайырымдылық шарасын өткізді

24 қараша 2016 ж 18:20
ФОТО: astana.gov.kz

«Қазақстан аруы – 2016» байқауына дайындық аясында конкурсанттардың қатысуымен алғашқы қайырымдылық шарасы өтті. Қатысушылар елорданың арнайы коррекциялық мектеп-интернатында болды, деп хабарлайды astana.gov.kz.


«Үлкен істердің барлығы кішкентай игі шаралардан басталады. Сол себепті бүгін байқауға қатысушылардың осында келуі – біздің балаларымыз үшін үлкен мереке», – деп мәлім етті мектеп-интернаттың директоры Бахриден Кәрімжанов.

Қонақтардың әкелген сыйлықтары – қуыршақтар, машиналар, жұмсақ ойыншықтар мекеме тәрбиеленушілері үшін күтпеген тарту болды.

Бүгінгі шара – «Сұлулық қайырымдылық үшін» ұранымен «Қазақстан аруы-2016» байқауына дайындық аясындағы алғашқы шара. Еске салсақ, 25 бойжеткен бақ сынайтын ұлттық байқау елордада 10 желтоқсанда өтеді. Оған алғаш рет «Instagram» арулары қатысады.


comments powered by HyperComments