Қазақстан әскерилері «World of Tanks» ойынының финалына қатысты
Наверх

Астана
USD 335.71
EUR 357.36
CNY 48.76
RUB 5.23


Қазақстан әскерилері «World of Tanks» ойынының финалына қатысты

28 қараша 2016 ж 14:00

2016 жылдың 27 қарашасында Алматыдағы Балуан Шолақ атындағы Спорт сарайында ҚР Қорғаныс министрлігінің қолдауымен «World of Tanks» жаппай көпшілік ойнайтын ойын бойынша гранд-финал өтті. Іс-шараға 10 мыңға жуық адам, оның ішінде, танымал онлайн ойынның 2 маусымының қорытындысы бойынша Орта Азияның үздік киберспортшылары қатысты, деп хабарлайды BNews.kz.


Патриоттық тәрбие беру мүддесінде компьютерлік ойындарды дәріптеу күнделікті өмірде көпшілік жастардың компьютерлік ойындарды ойнауынан туындаған. Патриоттық тәрбие беру мен Екінші дүниежүзілік соғыс тарихын зерделеуде пайдаланған жөн ойындардың ішінде ТМД кеңістігінде әйгілі әзірлеуші Wargaming компаниясы құрған «World of Tanks» ойыны.

Қазіргі уақытта онлайн ойынға бүкіл әлемде 110 миллионнан аса ойыншы тіркелген. Ұсынылып отырған техника ХХ ғасырдың басы мен ортасында шынайы болған жауынгерлік машиналардың көшірмесі.

«Компьютерлік бағдарламалар өміріміздің ажырамас бөлігіне айналған ақпараттық XXI ғасырда оларды қажетті, ең бастысы, дұрыс бағытта қолданған жөн. Оның ішінде, менің ойымша, жастарға әскери-патриоттық тәрбие беру үшін қажет. Бүгін іс-шара аясында біз қару-жарақ пен әскери техника көрмесін, финалға қатысушылар бұл объектілерді компьютердің экранында ғана емес, тірідей көрулері үшін автоматты жинап-шашудан сайыс өткіздік. Нәтижесінде Отанымызды қорғаудың маңыздылығын сезіне білді», – дейді Бас штаб бастығының орынбасары – ҚР ҚК БШ Тәрбие және идеологиялық жұмыстар департаментінің бастығы генерал-майор Мұхамеджан Таласов.

Сондай-ақ, іс-шара аясында әскери қызметшілер қатысушылар, қала тұрғындары мен қонақтары үшін қару-жарақ пен әскери техника көрмесін, «Сарбаз ботқасы» акциясын ұйымдастырды. Онда әрбір қонақ әскерде берілетін нағыз тамақтың дәмін татып көруге мүмкіндік алды.

Гранд-финал қарсаңында Армия үйінде «Жастарға әскери-патриоттық тәрбие беру мүддесінде заманауи технологиялық коммуникацияларды, яғни, компьютерлік ойындарды пайдалану» тақырыбында «Wargaming.net» компаниясының өкілдері сабақтар өткізді. Оған әскери оқу орындарының профессорлық-оқытушылар құрамы мен курсанттар, Б.Момышұлы атындағы «Жас ұлан» республикалық мектебінің тәрбиеленушілері, Алматы гарнизонының тәрбие құрылымдарының офицерлері қатысты.


comments powered by HyperComments