Қазақстанда бизнес ашып, оны дамытатын жастардың алтын буыны өсіп келеді – Елбасы
Наверх

Астана
USD 334.31
EUR 355.17
CNY 48.44
RUB 5.31


Қазақстанда бизнес ашып, оны дамытатын жастардың алтын буыны өсіп келеді – Елбасы

1 желтоқсан 2016 ж 12:49 , Астана
ФОТО: BNews.kz мұрағатынан алынды

Астанадағы Тәуелсіздік сарайында өтіп жатқан  Жастар форумында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев бизнес ашып, оны дамытуға ниетті жастардың талантты буыны өсіп келе жатқанын мақтанышпен айтты, деп хабарлайды BNews.kz.


«Қазір Қазақстанда кәсіп ашып, оны дамытуға ниетті жастардың алтын буыны өсіп келеді. Индустриялды-инновациялық даму бағдарламасының биыл алтыншы жылын қорытындыладық. Алғашқы бес жылдықта 1000-нан астам кәсіпорын ашылды. Енді екінші бес жылдықта тағы 300-400 жұмыс орны ашылады», - деді Елбасы.

Нұрсұлтан Назарбаев жастардың жекешелендіру процесіне қатысуы үшін барлық аудан әкімдері қолдау көрсету керектігін айтты.

«Ірі кәсіпорынның қасына шағын кәсіпорындар шоғырлануы керек. Заманауи кәсіпорындар шағын кәсіпорындардан құрылады. Шағын және орта бизнес өкілдері ірі кәсіпорындарға сервистік қызмет көрсетуі керек. Қазір жекешелендіру процесі жүріп жатыр. Активтерді басқаларға берумен аудан әкімдері айналысып жатыр. Бұл процеске жастар қатысуы қажет. Оларға аудан әкімдері көмектессін», -деді Н.Назарбаев.

Айта кетейік, форумға еліміздің білім беру, денсаулық сақтау, кәсіпкерлік, мәдениет және спорт салаларының 1000-нан астам белсенді жастары қатысып жатыр.


comments powered by HyperComments