Қазақстанда үй бағасы төмендеді – Риэлторлар қауымдастығы
Наверх

Астана
USD 334.89
EUR 361.61
CNY 48.7
RUB 5.28


Қазақстанда үй бағасы төмендеді – Риэлторлар қауымдастығы

30 қараша 2016 ж 09:04 , Астана
ФОТО: ғаламтор

Ұлттық валюта бағамының нығаюы екінші деңгейлі тұрғын үй нарығындағы бағаның төмендеуіне әкелді. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметіндегі жылжымайтын мүлік бағасының динамикасына арналған баспасөз-конференция барысында «Smart Realtor» жылжымайтын мүліктер агенттігінің директоры, Қазақстан риэлторлар Қауымдастығының мүшесі Инна Фролова мәлімдеді, деп хабарлайды BNews.kz.


«Қазан айында ұлттық валюта бағамы нығайды, сонымен бірге екінші деңгейлі тұрғын үй нарығындағы бағаның төмендеді. Астанада теңгемен есептегендегі баға бір айда 1,5 - 2%-ға, Алматыда - 2,5%-ға, өңірлерде - 1 – 1,3%-ға қысқарды. Ұсыныстар саны сұраныстан екі-үш есеге асып түседі, себебі бірінші деңгейлі тұрғын үй нарығы екінші деңгейлі тұрғын үй нарығына айтарлықтай қысым түсіреді. Екінші деңгейлі жылжымайтын мүліктің сатушылары бағаны едәуір төмендетуге мәжбүр болып отыр», – деді ол.

Жылжымайтын мүлік бағасының төмендеуі ипотекалық несиелендіру көлеміне және нақты кірістердің қысқаруына әсер етуін жалғастыруда. Мамыр айында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің базалық мөлшерлемені 17-ден 15%-ға дейін төмендетуі кері әсерін тигізді. Жалпы, 2016 жылдың екінші тоқсанында несие алушылардың төлем қабілеттілігінің төмендігінен, жоғары несие тәуекелдері мен тартылатын қаражаттың қымбат болуынан банктердің несиелендіру саясаты өте қатаң болды.

Алайда, Астана мен Алматы қалаларында пәтерлерге сұраныс жоғары болып қалуда, өйткені жаңа тұрғын үй құрылысының қарқыны өте жоғары және екінші деңгейлі тұрғын үй нарығындағы ұсыныстар көлемінің ұлғаюы сатып алушыларға таңдауға мүмкіндік береді. Салушы-компаниялар сатып алушылар үшін бөліп төлеу, акциялар мен бонустарды ұсына отырып, нарықта үйлесімді шарттар жасауды бастады, яғни бұл екіншімен салыстырғанда бірінші деңгейлі тұрғын үйге сатып алушылардың қызығушылығын тудырады.

Соңғы айларда оқу жылының басталуына қарай демалыстан оралуға байланысты нарық жандана бастады және негізгі сұраныс екінші деңгейлі жылжымайтын мүлік нарығында болды.

«Баға өзінің түпкілікті межесіне жетті. Енді төмендемейді. Бағаны теңгеде белгілеу туралы заң жобасының күшіне енуі психологиялық түрде бағаның төмендеуіне мүмкіндік бермейді, бұл теңгенің инфляциясы мен девальвациясына байланысты», – деді «Ramazan Real Estate» жылжымайтын мүлік агенттігінің директоры, Қазақстан риэлторлар қауымдастығының мүшесі Ғалым Ысқақов.

Сондай-ақ Риэлторлар қауымдастығы елордада көп бөлмелі пәтерлерді жалға беру мөлшерлемесінің өсуі байқалуда деп атап өтті.

«Астанада мөлшерлемеде айтарлықтай өзгерістер болған жоқ. Алайда, Астанада үш және төрт бөлмелі пәтерлерді жалға беру мөлшерлемесінің 15 пайызға өсуі назар аударуға тұрарлық. Бұл ЭКСПО-2017-ге дайындықты бастайтын шетелдік жалға алушылар тарапынан пәтерлердің осы фороматына сұраныстың өсуі мен елорда тұрғындары санының артуымен түсіндіріледі», – деді И.Фролова.

Риэлторлардың болжамы бойынша, 2017-2018 жылдары Астанада «тоқтап тұрған» жобалар санының көп болуына байланысты жаңа тұрғын үйлерді енгізу көлемінің күрт төмендеуі күтілуде, яғни бұл нысандар нарығында белгілі бір бәсекелестікті жасайды.

 


comments powered by HyperComments