Қыс басталғалы Астанада көктайғаққа қарсы 575 тонна реагент қолданылды
Құрметті оқырман! Сiз «BNews.kz» АА сайтының ескі нұсқасын көріп тұрсыз. Бұл жерден 12.12.2016 ж. дейінгі барлық материалды көре аласыз.
Біздің жаңа сайтымыз www.bnews.kz орналасқан
Жоғары

Астана
USD 311.59
EUR 349.39
CNY 45.41
RUB 5.5


Қыс басталғалы Астанада көктайғаққа қарсы 575 тонна реагент қолданылды

25 қараша 2016 ж 14:10
ФОТО: Motor.kz

Биыл елорданың коммуналды қызметтері алғаш рет көктайғаққа қарсы «Айсмелт» реагентін пайдалана бастады, деп хабарлайды қала әкімінің баспасөз қызметі.


«Астана Тазалық» ЖШС хабарлауынша, «Айсмелт» хлорлы кальций негізінде өндірілетін көпқұрамды материал. Қату температурасы өте төмен бұл реагент мұздың түзілуін болдырмайды. Ұқсас материалдармен салыстырғанда, аудан учаскесін өңдеуге құрамның аз көлемі қажет. Қыстың алғашқы күндерінен елордада аталған заттың 575 тоннасы қолданылған.

Реагенттің басты артықшылығы – адам мен жануарларға зияны жоқтығында. Бұған қоса, ол көшені ластамайды, және тайғанауға жол бермейді, қар немесе мұз қабатына тез және терең сіңеді және жинағаннан кейін із қалдырмайды.

Дұрыс қолданған жағдайда реагент көктайғақтың түзілуіне жол бермейді, көктайғаққа қарсы екі құрамдасты (хлорлы кальций және хлорлы натрий) үйлестіру есебінен ұзақ уақыт ерітеді.

Оның басты артықшылықтарының бірі – реагенттердің ішінде ең көп шығындалатындығында, Осының арқасында көктайғақпен күресте нәтиже бар.

Ауа райы жағдайларына байланысты жыл сайын орта есеппен 30-дан 35 мың текше метрге дейін құм-тұз қоспасы пайдаланылады.


Қатысты жаңалықтар:
comments powered by HyperComments