Көкшеліктер Президент күніне жаңа қонақ үй кешенін тарту етті (ФОТО)
Наверх

Астана
USD 334.31
EUR 355.17
CNY 48.44
RUB 5.31


Көкшеліктер Президент күніне жаңа қонақ үй кешенін тарту етті (ФОТО)

Ақмарал АЙҒАРА, 1 желтоқсан 2016 ж 13:55 , Ақмола облысы
ФОТО: автордікі

Қазақстанның Тұңғыш Президенті күніне орай Көкшетауда осы заманғы сәулет үлгісімен салынған мейрамханасы бар қонақ үй кешені ашылды, деп хабарлайды BNews.kz тiлшiсі.


Аталған нысанның құрылысын жүргізген «КГС Сауда» құрылыс компаниясы. Компанияның құрылыстағы қолтаңбасы елорда мен Қазақстанның басқа да облыстарында сайрап жатыр. Ал, соңғы жылдардың өзінде Көкшетау қаласында бірнеше көп қабатты үйлер, бизнес орталығы және тағы басқа нысандарды салған еді. Қонақ үй кешені айналасы бір жылдың ішінде пайдалануға берілді.

Жоба құны 500 миллион теңгеге бағаланған. Қалалықтар мен қала қонақтары үшін мұнда заманауи жабдықталған жаңа нысан 50 адамды жұмыспен қамтып отыр.

«Жаңа кешеннің жалпы алаңы 2800 шаршы метрді құрайды. Мұнда осы заманғы құрал-жабдықтармен жарақталған 26 нөмір бар. Мейрамхана 60 адамға арналған. Сонымен бірге, караоке, кофейня залдары жұмыс істейді»,–дейді орталық директоры Ғалымжан Копишев.

Қонақ үй кешенінің салтанатты ашылу рәсіміне қатысқан өңір басшысы Сергей Кулагин облыс орталығынан орын тепкен жаңа кешен қала көркін ашар ғимараттардың біріне айналатындығын атап өтті.

«Мұндай көрнекті нысандардың ашылуы – қаланың экономикасы ілгері дамып келе жатқанын білдіреді. Осынау тамаша нысан Тұңғыш Президент күніне және келер жылы өтетін «ЭКСПО» көрмесіне ерекше тарту болып отыр»,–деді өңір басшысы.


comments powered by HyperComments