Мәсімов ҚР ұлттық агроөнеркәсіп палатасының басшысы болып сайланды
Құрметті оқырман! Сiз «BNews.kz» АА сайтының ескі нұсқасын көріп тұрсыз. Бұл жерден 12.12.2016 ж. дейінгі барлық материалды көре аласыз.
Біздің жаңа сайтымыз www.bnews.kz орналасқан
Жоғары

Астана
USD 313.9
EUR 342.03
CNY 45.54
RUB 5.52


Мәсімов ҚР ұлттық агроөнеркәсіп палатасының басшысы болып сайланды

23 қараша 2016 ж 16:38 , Астана
ФОТО: news.ykt.ru

«Қазақстан ұлттық агроөнеркәсіп палатасы» заңды тұлғалар және жеке кәсіпкерлер Қауымдастығы құрылтайшыларының жалпы жиналысында Орталық кеңес төрағасы А.Ж. Игібаевтың ұсынысымен Қажымқан Қасымұлы Мәсімов «Қазақстан ұлттық агроөнеркәсіп палатасының» президенті болып сайланды. Бұл туралы палатаның баспасөз қызметі хабарлады.


«Қазақстан ұлттық агроөнеркәсіп палатасының» вице-президенті қызметіне Серік Абдулахметұлы Әбубәкіров сайланды.

«Қазақстан ұлттық агроөнеркәсіп палатасы» 2009 жылы қыркүйек айында фермерлік қоғамдық бірлестіктер мен «Қазақстан агроодағы» ұйымының базасында құрылды, делінген хабарламада.

Қажымқан Қасымұлы Мәсімов 1939 жылы 18 сәуірде Талдықорған қаласында дүниеге келген. «Мәсімов сауықтыру орталығы» ЖШС бас директоры.


Қатысты жаңалықтар:
comments powered by HyperComments