Көкшетауда 240 орынды жаңа балабақша ашылды
Құрметті оқырман! Сiз «BNews.kz» АА сайтының ескі нұсқасын көріп тұрсыз. Бұл жерден 12.12.2016 ж. дейінгі барлық материалды көре аласыз.
Біздің жаңа сайтымыз www.bnews.kz орналасқан
Жоғары

Астана
USD 315.15
EUR 340.05
CNY 45.74
RUB 5.53


Көкшетауда 240 орынды жаңа балабақша ашылды

Ақмарал АЙҒАРА, 30 қараша 2016 ж 10:13 , Ақмола облысы
ФОТО: автор

Көкшетауда ел Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерейтойы және Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні қарсаңында 240 орынды жаңа балабақша ашылды, деп хабарлайды BNews.kz тiлшiсi.


Салтанатты шарада Ақмола облысының әкімі Сергей Кулагин балабақша ұжымын, балалар мен олардың ата-аналарын әлеуметтік нысанның ашылуымен құттықтады.

«2020 жылға дейін кезекте тұрған 3-6 жастағы балалардың барлығы толықтай балабақшамен қамтылуы тиіс. Бүгін ашылған «Мирас» балабақшасы мемлекеттік бағдарлама аясында пайдалануға беріліп отыр. Осы бағытта тек мемлекеттің мүмкіндігіне ғана иек артпай, кәсіпкерлермен де мемлекеттік әріптестік байланыс орнатып жатырмыз. Қалада 295 орынды 5 жекеменшік балабақша ашылды. Балаларымыздың жүзі жарқын болып, бүлдіршіндер қатары көбейе берсін!», – дейді С.Кулагин.

Балабақша соңғы үлгідегі талаптарға сай етіп тұрғызылған. Екі қабатты ғимараттың бөлмелері кең әрі жарық. Музыка залы, ән-саз сабағы және дене шынықтыруға арналған арнайы бөлмелер жаңа заман талабына сай жабдықталған. Ойыншықтар, оқу және көрнекі құралдармен толық қамтылған. Балабақша ауласында балалардың белсенді қимылдауына арналған шағын сәулет нысандары, спорт ойын алаңы орналасқан.

Айта кетейік, Ақмола облысында соңғы 20 жыл ішінде 154 балабақша мен 377 шағын орталық ашылған. Бүлдіршіндер үшін 25 мыңнан аса орын ашылып, балаларды мектепке дейінгі біліммен қамту 11 есеге артқан.

Әлеуметтік саланың дамуына бизнес құрылымдар да атсалысып отыр. Бүгінгі күні мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында 7 мың орынды 68 балабақша ашылған.


Қатысты жаңалықтар:
comments powered by HyperComments