Техникалық және кәсіптік білім беру жүйесіне жаңа халықаралық оқу бағдарламасы енгізіледі
Наверх

Астана
USD 334.31
EUR 355.17
CNY 48.44
RUB 5.31


Техникалық және кәсіптік білім беру жүйесіне жаңа халықаралық оқу бағдарламасы енгізіледі

ФОТО: автор

Шетелдік және отандық ғалымдар бірігіп, техникалық және кәсіби білім беру ұйымдарындағы оқу бағдарламасын оңтайландыру шараларын қолға алды. Осы озық халықаралық педагогикалық тәжірибені еліміздегі барлық кәсіптік білім ордаларына біртіндеп енгізу мақсатында Атырауда ғылыми-тәжірибелік конференция ұйымдастырылған болатын. Бұған Канада, Англия, Германия секілді шетелдік серіктестер мен отандық техникалық білім беру ұйымдарынан 250-ден астам маман қатысты, деп хабарлайды Bnews.kz аймақтағы тілшісі.


Еліміздегі техникалық және кәсіптік білім беру жүйесі халықаралық тәжірибелермен ұштастырылуы тиіс. Әзірге республикада бір ғана оқу орны модульдік білім беруге негізделген. Мұндағы білім беру бағдарламасы өндірістік тәжірибемен ұштасқан, оқу 3 тілде жүргізіледі. Бұл – Атыраудағы жоғары техникалық колледж. Қанадалық әріптестерімен тығыз байланыс орнатқан «Апек Петротехник» колледжі халықаралық талаптар бойынша білім береді. Міне, осы тәжірибені енді еліміздегі өзге білім ордаларына енгізу жоспарланып отыр.

«Қазақстанда кәсіптік білім беретін 10 колледж бар. Сол колледждердің жағдайын қарау керек. Оларға біз әдістемелік көмектер көрсетуіміз керек. Шетелдік тәжірибені білуі керек. «Кәсіпқор» холдингі» қазіргі таңда осы үлкен жұмыстарды атқарып отыр», – дейді «Кәсіпқор» холдингі төрағасының орынбасары Әсима Бимендина.

Келесі жылдан бастап Президент тапсырмасымен елімізде алғашқы кәсіби білім тегін берілуі тиіс. Бұл жоба қазірден бастап мемлекеттік колледждерде қолға алынып жатыр.

«2017 жылдан бастап алғашқы кәсіби білімді тегін беру ісін қолға аламыз. Дегенмен, қазірдің өзінде бұл жүйе шешіліп жатыр. Мысалы, осы жоғары техникалық колледждің өзінде 400 бала дәнекерлеу мамандығын тегін меңгеріп жатыр. Оларға алған білімін тәжірибемен ұштастыруға барлық жағдай жасалған, халықаралық сертификат табыс етіледі. Енді осы сәтті тәжірибені басқа колледждерде енгіземіз», – дейді ҚР Білім және ғылым вице-министрі Эльмира Суханбердина.

Ауқымды жиында техникалық және кәсіби білім саласындағы жаңа бағыт, сапа менеджменті жүйесін қалыптастыру, инновациялық технологияны енгізу мәселелері кеңінен талқыланды. Болашақта осы халықаралық оқу бағдарламалары еліміздегі кәсіптік білім беру ұйымдарына енгізіледі.


comments powered by HyperComments