ОҚО-да «Әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықсыз 16 күн» республикалық акциясы басталды
Наверх

Астана
USD 334.89
EUR 361.61
CNY 48.7
RUB 5.28


ОҚО-да «Әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықсыз 16 күн» республикалық акциясы басталды

25 қараша 2016 ж 12:54 , Оңтүстік Қазақстан облысы
ФОТО: ОҚО ІІД баспасөз қызметі

Оңтүстік Қазақстан облысында 25 қараша мен 10 желтоқсан аралығында Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің бастамасымен Әйелдерге қатысты әртүрлі дискриминация түрлерін жою туралы (Қазақстан Республикасы 1998 жылғы 29 шілдеде ратификациялаған) конвенцияға сәйкес, жыл сайын 25 қараша - Әйелдерге қатысты зорлық-зомбылық көрсетуді жою халықаралық күніне орай «Әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықсыз 16 күн» акциясы өтеді. Акцияның негізгі мақсаты – әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықты ескертуге, алдын алуға, ана мен баланы қорғауға, қоғамдағы отбасының рөлін күшейту, деп хабарлайды BNews.kz.


ОҚО ІІД ЖПҚ қызметкерлерінің айтуынша, 2016 жылдың 10 айында облыс көлемінде отбасы-тұрмыстық қатынастар саласында жасалған 17 қылмыс тіркеген, 2015 жылмен салыстырғанда 3 қылмысқа төмендеген.

Оңтүстік Қазақстанда ІІО-ның қызметкерлері отбасы-тұрмыстық қарым-қатынаста құқық бұзған 4499 қорғау нұсқамасын шығарылған (2015 ж.- 4363). Алн осындай қатынаста құқық бұзған 150 тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды (2015 ж.- 148).

Сонымен қатар, ҚР ӘҚБтК-нің 73 (отбасы-тұрмыстық қатынастар саласындағы құқыққа қарсы іс-әрекеттер) бойынша 826 тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды (2015 ж.- 822). Құқық бұзушылық әрекеттерімен көзге түскен 204 адамға қатысты құқық бұзушылардың мінез-құлқына ерекше талаптар белгілеу туралы сот арқылы қаулы қабылданып, профилактикалық есепке алынды (2015 ж.- 207).

ОҚО ІІД ЖПҚ-мен өткізілетін «Әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықсыз 16 күн» акциясына жергілікті атқарушы органдар, білім, денсаулық сақтау, еңбек және әлеуметтік қорғау, үкіметтік емес ұйымдар, қоғамдық және бұқаралық ақпарат құралдары, сондай-ақ жоғарғы және орта әлеуметтік оқыту орталықтарының өкілдері қатыстырылатын болады.

Акция барысында «Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың профилактикасы туралы» Заңның негізгі ережелерін түсіндіру бойынша жұмыстар, сонымен бірге, іс-шараны өткізу шеңберінде кездесулер өткізіліп, буклеттер, жаднамалар мен плакаттарды және т.б. үлестірудегі жұмыстар саябақтар, алаңдар, базарларда жүргізіледі.

Күнделікті учаскелік полиция инспекторларымен қызмет көрсететін әкімшілік учаскелерді күн сайын аралау кезінде «Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың профилактикасы туралы» Заңын түсіндіру бойынша жадынамалар мен буклеттер таратады, сондай-ақ, түсіндіру жұмысын өткізу кезінде үкіметтік емес ұйымдар мен полицияның қоғамдық мүшелерінің мүмкіндіктерін пайдаланады.

Одан өзге, тұрмыста құқық бұзушылық жасауға бейім, сондай-ақ қолайсыз отбасы адамдарды тұрғылықты жерлері бойынша толық тексеріледі. Қорғау ұйғарымдары шығарылған немесе мінез-құлқына ерекше талап қойылған адамдарға қатысты, шектеу қойылған адамдардың тәртіпті сақтауларына ерекше назар аударылады.

 


comments powered by HyperComments