Оңтүстік астана Алматы метросының бес жылдығын атап өтті
Наверх

Астана
USD 334.31
EUR 355.17
CNY 48.44
RUB 5.31


Оңтүстік астана Алматы метросының бес жылдығын атап өтті

2 желтоқсан 2016 ж 15:10 , Алматы
ФОТО: almatylife.kz

Бүгін Алматы метрополитені пайдалануға берілгеніне бес жыл толуын атап өтуде. Осы мерейлі күнге орайластырылған мерекелік шараға мегаполис басшысы Бауыржан Байбек те қатысты, деп хабарлайды BNews.kz.


Алматы әкімі құттықтау сөзінде заманауи мегаполисті метросыз елестету мүмкін еместігін, әрі қала қуатының артуына орай іске қосылғандығын, оның озық технологиясы мен өміршеңдігін айтты.

«Алматы метросының өзіндік тарихы бар. Оның құрылысы сонау 80-жылдары басталып, Мемлекет басшысының жеке қолдауы арқасында тәуелсіз Қазақстанда пайдалануға берілді. Тіпті, дағдарыс кезінде де жобаны қаржыландыру жалғасып жатты», – деді Б.Байбек.

Іске қосылған кезден бері қарай метроның қызметін 40 миллион тұрғындар мен қала қонақтары пайдаланған. Жыл сайын жолаушылар легі 20% -ға артуда.

Метроны Абай даңғылының астынан Яссауи көшесіне дейін одан әрі дамыту жоспарда бар. 2020 жылға дейін «Сарыарқа» , «Достық» бекеттері іске қосылады. Алдын ала болжам бойынша күн сайынғы жолаушы легі – 85 мың адам. «Қалқаман» және автовокзал «Западный» бекеттерін салу қарастырылған, сол кезде жолаушылардың күн сайынғы легі 120 мың адамнан асады.


comments powered by HyperComments