Павлодар қаласында 62 мұз айдыны қыс бойы жұмыс істейді
Наверх

Астана
USD 334.31
EUR 355.17
CNY 48.44
RUB 5.31


Павлодар қаласында 62 мұз айдыны қыс бойы жұмыс істейді

Ермек ЕЛЕМЕСОВ, 2 желтоқсан 2016 ж 11:41 , Павлодар облысы
ФОТО: автор

Павлодар қаласында 62 мұз айдыны бір күнде іске қосылды, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі. Осылайша, Ертіс өңірінің тұрғындары Тәуелсіздік мерекесін сергек көңілмен қарсы алуға дайындалуда.


Павлодар облысында қысқы спорт түрлерін дамытуға баса назар аударылған. Сондықтан, биыл павлодарлықтар үшін 62 ірілі-ұсақты мұз айдыны құйылды. Бұл – бұрын-соңды болмаған көрсеткіш. Бұған дейін олардың қатары әлдеқайда аз болған.

Сырғанақтардың ең үлкені шаһардың орталық жағалауында, яғни облыс әкімдігінің аумағында орналасқан. Енді түскі үзіліс кезінде мемлекеттік қызметшілерге де спортмен шұғылдануға мүмкіндік туды.

Павлодар облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысының орынбасары Нұрлан Есембаевтің айтуныша, мұз айдындары көктемге дейін халық игілігіне жарамақ.

«Облыста қысқы спорт түрлеріне деген қызығушылық артуда. Бүгінгі күні балалар-жасөспірімдер мектептерінде мәнерлеп сырғанау мен хоккеймен айналысатындардың қатары 500-ден асқан», – дейді Нұрлан Есембаев.

Айта кетейік, Павлодар облысында спортпен жүйелі түрде айналысатын азаматтардың саны 220 мыңға жеткен. Ал 25 жыл бұрын бұл көрсеткіш небары 90 мың болған.


comments powered by HyperComments