Павлодар облысының тұрғындары өрт құрбаны болған азаматтарды ақтық сапарға шығарып салды
Наверх

Астана
USD 334.48
EUR 355.62
CNY 48.58
RUB 5.25


Павлодар облысының тұрғындары өрт құрбаны болған азаматтарды ақтық сапарға шығарып салды

ФОТО: ВК әлеуметтік желісі

Павлодар облысы Шарбақты ауданында өрттен қаза болған 43 жастағы Сергей Сенникті жерлестері ақтық сапарға шығарып салды, деп хабарлайды, BNews.kz тілшісі.


Еске сала кетейік, қайғылы оқиға аудан орталығы – Шарбақты ауылында орын алды. Жер үй өртеніп, салдарынан 39 және 37 жастағы ерлі-зайыптыларды күйік шалды. Сонымен қатар, 1,5 жасар қыз бен 10 жастағы ұл бала көз жұмды . Аудандық әкімдіктегі мамандардың мәліметінше, 10 жастағы Никита – отбасындағы екінші бала. Ал жанұяның тұңғышы қазіргі таңда Павлодардағы медициналық колледжде білім алуда. Ал 1,5 жасар сәби Ева Кургузкина қызыл жалын шарпыған үйде газ жарылып, өрт кезінде кездейсоқ болған. Қыз баланың анасы жұмысқа кеткенде көршілеріне уақытша қалдырғаны анықталды. 

Айта кетейік, отағасының жерлеу рәсімін  жергілікті әкімдік өз мойнына алып, жерлестерінен жылу жинаған болатын. Ол бүгін Шарбақты аудандық орталық ауруханасының жансақтау бөлімінде көз жұмды.

«Біз жерлестеріміздің қайғысына ортақпыз. Сондықтан, Сергей Сенниктің жерлеу рәсімін ұйымдастыру жағынан көмектестік. Сергей еңбек еткен аграрлық-техникалық колледже ас береміз. Бүгінгі күнге дейін қайырымды жандардың көмегімен Сергейдің қызына 137 мың теңге бердік. Ол қазіргі таңда Ресейдің Алтау өлкесінде білім алуда.  Сонымен қатар, «Шығыс жолдары» ЖШС өртте көз жұмған бүлдіршіннің анасына 95 мың теңге көлемінде материалдық көмек көрсетті», – деп хабарлады Шарбақты ауданының әкімдігінен.

Айта кетейік, Ертіс өңірінде жыл басынан бері 700-ден астам өрт болды, салдарынан 20-дан аса  адам көз жұмды. Оның ішінде тұрғын үй секторында 492 өрт тіркелді, бұл орын алған өрттердің 67 %-ын құрайды.


comments powered by HyperComments