Павлодарда республикалық телеарналардың бөлімшелері жылусыз отыр
Наверх

Астана
USD 334.48
EUR 355.62
CNY 48.58
RUB 5.25


Павлодарда республикалық телеарналардың бөлімшелері жылусыз отыр

ФОТО: автор

Павлодар облысындағы еліміздегі республикалық телеарналардың бөлімшелері жылусыз отыр, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі.


Инженерлік желідегі болған ақаудың салдарынан жылу жоқ екендігін «Павлодарэнерго» АҚ-ның қоғаммен байланыс бөлімінің мамандары растады. Қазіргі таңда оқиға орнынды коммуналдық қызмет мамандары жөндеу жұмыстарын жүргізіп жатыр.

«Бүгін таңғы 9.00-ден бастап  «Павлодар жылу желілері» ЖШС-ның мамандары Торайғыров, Бектұров, Пахомов көшелеріндегі апат салдарын жойып жатыр. Қазіргі кезде тұтынушылар уақытша схемаларға қосылды, сондықтан нысандардағы жылу деңгейі төмендеген», –   деп хабарлады кәсіпорынның баспасөз қызметінен.

Айта кетейік, апат салдарынан 13 көпқабатты үй, 5 оқу орны, Павлодар мемлекеттік педагогикалық институтының жатақханасы, бір балабақша және өзге 25 нысан жылу жүйесінен ажыратылды.

Осы нысандардың қатарындағы республикалық телеарналардың өкілдері суық кабинеттерде жұмыс істеуге мәжбүр.

«Кеңселеріміз өте суық. Сырт киім киіп отырмыз. Егер сырқаттанып қалсақ, шығынға батуымыз мүмкін. Өзге мекемелердің де жағдайы осындай», – дейді «Астана» телеарнасының меншікті тілшісі Алексендр Вервекин.


comments powered by HyperComments