Павлодарлық ұстаздар жеке коллекцияларындағы валюта үлгілерін паш етті
Наверх

Астана
USD 335.71
EUR 357.36
CNY 48.76
RUB 5.23


Павлодарлық ұстаздар жеке коллекцияларындағы валюта үлгілерін паш етті

ФОТО: автор

Павлодарда «Ұлы дала елі – Тәуелсіздіктің 25 негізі» 25 жұлдызды күн аясында «Теңгенің құрылу тарихы» атты көрме өтті. Шараға өңірдің ұстаздары жеке коллекцияларындағы валюталардың үлгілерін паш етті, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі.


Көрмеге келушілер назарына Қазақ хандығы тұсында соғылған тиындардан бастап, Тәуелсіздік жылдары экономикалық айналымда болған төл теңгенің үлгілері ұсынылды. Ақша құралдарын ортаға салған мұғалімдердің қатарында Качир және Павлодар аудандары, Павлодар қаласы, Мичурин балалар үйінің тарихшылары болды.

Павлодар қаласындағы №5 орта мектебі тарих пәнінің мұғалімі Виктор Столяров көрмеге жеке коллекциясындағы нумизматикалық жәдігерлердің бір бөлігін ұсынды. Қазіргі таңда ұстаз үйінде купюралардың 800 және тиындардың 2000 үлгісін сақтайды.

«Біздің мектепте нумизматика үйірмесі жұмыс істейді. Теңгенің тарихына үңіліп, қызығушылық танытқан оқушылар баршылық. Бүгінгі көрмеге шәкірттерім де белсене қатысты. Бұл тиындарды ұлттық валютамыз – теңгенің алғашқы үлгілері деп білеміз.

Бұл – тұнып тұрған тарих», – дейді Виктор Столяров.

Айта кетейік, бүгін Ертіс өңірінің барлық мектептерінің 1-7 сынып оқушыларына арналған «Теңге – Қазақстан Республикасының мемлекеттік символы» сынып сағаттары ұүймыдастырылды. Сонымен қатар, жоғары сынып оқушылары үшін «Теңгенің құрылу тарихы» интерактивті дәрістер өтті.


comments powered by HyperComments