Әлемдегі ең әдемі мешіт Эфиопияда салынды (ФОТО)
Құрметті оқырман! Сiз «BNews.kz» АА сайтының ескі нұсқасын көріп тұрсыз. Бұл жерден 12.12.2016 ж. дейінгі барлық материалды көре аласыз.
Біздің жаңа сайтымыз www.bnews.kz орналасқан
Жоғары

Астана
USD 316.56
EUR 342.14
CNY 45.99
RUB 5.52


Әлемдегі ең әдемі мешіт Эфиопияда салынды (ФОТО)

24 қараша 2016 ж 14:45
ФОТО: muftyat.kz

Әлемдегі ең әдемі мешіт Эфиопия елінде тұрғызылды, деп хабарлайды BNews.kz. Оның әдемілігі оның қарапайымдылығында.


Қазір басылымдарда, сайттарда әлемдегі ең әдемі мешіттер деген рейтинг жүреді. Олар мешіттің әппақ мәрмәрдан қаланған қабырғаларын, қымбат люстраларын, зәулім мұнаралары мен кең ауласына таңдай қағып жатады. Бірақ, олардың әдемілігі осы мешітке жетпейді.

Өйткені, бұл мешіт толықтай ағаштан тұрғызылған. Тіпті, мұнарасының өзін тұрғызу үшін түбіне тас үйілген. Мешіт үлкен аумақты алып жатқан жоқ. Оған түйелі жолаушы да, жолдан өтіп бара жатқан кісілер де оңай-ақ бұрылып кіреді.

Қарапайым болса да құлшылық мекенін Аллаға шын берілген мүміннің өз қолымен жасағаны барша әлем мұсылмандарын әсерлендіріп отыр.

muftyat.kz


Қатысты жаңалықтар:
comments powered by HyperComments