Бас мүфти марқұм Әбсаттар Смановтың туған-туыстарына көңіл айтты
Наверх

Астана
USD 336.23
EUR 360.3
CNY 48.86
RUB 5.28


Бас мүфти марқұм Әбсаттар Смановтың туған-туыстарына көңіл айтты

28 қараша 2016 ж 11:05
ФОТО: ummet.kz

Бүгін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Ержан қажы Малғажыұлы ҚМДБ Ғұламалар кеңесінің мүшесі, «Сарыағаш» медресесінің директоры, белгілі дінтанушы ғалым Сманов Әбсаттар Шәкірұлының қайтыс болуына байланысты марқұмның отбасына, туған-туыстарына көңіл айтты, деп хабарлайды BNews.kz.


«Еліміздің діни саласында үлкен қайғылы оқиға орын алды. Асыл дініміздің өркендеу жолында талай жыл табанды еңбек етіп, шәкірт тәрбилеген бауырымыз, танымал теолог Әбсаттар Шәкірұлы дүние салды. Марқұмның отбасына, ағайын-жұртына Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ұжымы, Ғұламалар кеңесі атынан көңіл айтамын. Ә.Смановтың жазған еңбектері мен діни-ағарту саласына қосқан үлкен үлесі еліміздің дін қызметкерлері үшін әрқашан үлгі болмақ. Марқұмның жаны жәннатта болғай! Алла алдынан жарылқап, мейрімі мен рахымына бөлегей! Әмин!», – деп жазылған Бас мүфтидің көңіл айту жеделхатында.

Сманов Әбсаттар Шәкірұлы – 1989-1993 жылдар аралығында Өзбекстандағы имам әл-Бұхари атындағы Жоғары Ислам институтын үздік дипломмен бітірді. 1995-2002 жылдар аралығында «Таяқты Ешан» мешіті жанындағы сауат ашу курсын басқарды. 2009 жылдан бері ҚМДБ жанындағы Ғұламалар Кеңесінің мүшесі. Осыған дейін «Сарыағаш» медресесін басқарды. 2008-2010 жылдары Құран Кәрімді қазақ тіліне аударды.

ҚМДБ


comments powered by HyperComments