Діни басқарма Мұхамеджан Тазабековке қатысты пікірін айтты
Наверх

Астана
USD 336.23
EUR 360.3
CNY 48.86
RUB 5.28


Діни басқарма Мұхамеджан Тазабековке қатысты пікірін айтты

30 қараша 2016 ж 16:44
ФОТО: ult.kz

Діни басқарма еліміздегі салафизм ағымына қосылғандардың портретін жасады. Жат ағымның жетегінде кеткендердің басым бөлігі ауылдан шыққан 25-30 жас аралығындағы азаматтар. Көбі жағдайы төмен отбасыларда тәрбиеленген және жұмыссыз бос жүргендер. Олар радикалды бағыттағы шейхтерді пір тұтып, солардың уағызын тыңдаған.


«Ең бірінші себебі – білімсіздік. Көбісі интернеттен дәріс алады. Оның ар жағында кім отырғанын білмейді. Сондықтан, имам, теологтармен жеке әңгіме барысында олар өздерінің исламнан толық хабардар емес екенін, қайдағы бір интернеттегі мәліметтерді өздеріне сіңіргенін мойындады», – дейді бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы.

Сондықтан, мүфтият лаңкестігі үшін сотталған 400-ден астам адамды бөлек түрмеде ұстауды қолдап отыр. Тіпті, түрмелерге барып дінінен адасқандарды райынан қайтарып жүр екен. Сондай-ақ, бүгін Діни басқарма Бас мүфти ауысады деген ақпаратқа қатысты да мәлімдеме жасады. Өйткені, соңғы күндері «Асыл арна» телеарнасының директоры Мұхамеджан Тазабеков Діни басқармаға басшы болып тағайындалады екен деген ақпарат тараған. Басқармадағылар болса қазіргі төраға Ержан қажы Малғажыұлы қызметтен кетпейді деп отыр. Оның үстіне Бас мүфти болатын адам Ханафи мәзхабын ұстануы керек дейді.

КТК


comments powered by HyperComments