Ғұмырын шәкірт тәрбиелеуге арнаған асыл азамат еді...
Құрметті оқырман! Сiз «BNews.kz» АА сайтының ескі нұсқасын көріп тұрсыз. Бұл жерден 12.12.2016 ж. дейінгі барлық материалды көре аласыз.
Біздің жаңа сайтымыз www.bnews.kz орналасқан
Жоғары

Астана
USD 316.56
EUR 342.14
CNY 45.99
RUB 5.52


Ғұмырын шәкірт тәрбиелеуге арнаған асыл азамат еді...

30 қараша 2016 ж 14:48
ФОТО: скриншот

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Ғұламалар Кеңесінің мүшесі, «Сарыағаш» медресесінің директоры, белгілі дінтанушы ғалым Әбсаттар Смановтың қайтыс болуы Қазақстан мұсылмандарын үлкен қайғыға ұшыратты.


Әбсаттар Шәкірұлы Сманов – Қасиетті Құранның мағынасын ана тілімізге тәржімалаған көрнекті ғалым, дін қайраткері еді. Ол – салихалы ғұмырын ислам шариғатын оқуға, шәкірт тәрбиелеуге арнаған асыл азамат болатын. Ғұламалар кеңесінде түрлі түйткілді мәселелерді талқылағанда ұлтжандылығымен, біліктілігімен, өткірлігімен, батылдылығымен көзге түсіп, құрметке ие болды.

Әбсаттар қажы ҚМДБ жанынан құрылған Республиқалық ақпараттық-насихат тобының белсенді мүшесі ретінде еліміздің барлық аймақтарында, әсіресе, Ақтөбе, Атырау, Жезқазған сияқты діни ахуал күрделенген өңірлерде экстремизм мен терроризмнің алдын алуда, Ислам құндылықтарын насихаттауда көп еңбек сіңірді.

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Ғұламалар Кеңесі мүшелерінің атынан марқұмның туған-туысқандарының, жақындарының қайғысына ортақтасып, көңіл айтамыз.

Жаратқан Алла марқұмның еліміз үшін, дініміз үшін жасаған жұмыстарын мол сауаптан жазып, жанын жәннатқа жайғастырғай! Әумин!


Қатысты жаңалықтар:
comments powered by HyperComments