«Мұхаммед» фильміне бірқатар мемлекет тыйым салды
Наверх

Астана
USD 334.31
EUR 355.17
CNY 48.44
RUB 5.31


«Мұхаммед» фильміне бірқатар мемлекет тыйым салды

28 қараша 2016 ж 11:52
ФОТО: ummet.kz

Шешенстан Республикасы Дін істері басқармасы ирандық режиссер Маджид Маджидидің «Мұхаммед» көркем фильмін көрсетуге және таратуға тыйым салды. Шешен мүфтиятының пайымынша, фильмге қарсылық мынадай себептерден туындаған:


1. Ислам ғалымдарының Мұхаммед пайғамбарды (с.а.с.) сурет арқылы, сондай-ақ, фильмде бейнелегеуге тыйым салу туралы ортақ пікірі.

2. Фильмде бірқатар тарихи бұрмалаулар бар, оның салдарынан көрермендер ислам тарихы мен Мұхаммед пайғамбар (с.а.с.) өмірбаяны туралы дұрыс емес пікірде қалуы мүмкін;

3. Мұхаммед пайғамбардың (с.а.с.) кейбір сахабалары жағымсыз бейнеде және бұрмаланып көрсетілген;

4. Сонымен қатар, фильм авторлары туындыны қандай дереккөздерді негізге алып әзірлегенін көрсетпеген, тарихи уақиғалар туралы қандай ғалымдардың келісімдері алынғаны жазылмаған.

Айта кетейік, бұған дейін Дағыстан мүфтияты аталмыш фильмді көрсетуге рұқсат берген. Республикада фильм премьерасын құрамында режиссер мен продюсері бар ирандық делегация ұсынды. Айта кетсек, фильмді көрсетуге бірқатар мемлекеттер қарсылық білдірген. Мәселен, Марокко, Мысыр, Сауд Арабиясы және Кувейт секілді мұсылман елдерінде бұл туындыға тыйым салды. Мұхаммед пайғамбар (с.а.с.) өмірбаяны мен Құран аяттарын еркін түрде әңгімелеуден бөлек, сүнниттік ғалымдар фильм авторларын ислам дініне шииттік көзқарасты таңғаны үшін айып тақты.

ummet.kz


comments powered by HyperComments