Сан-Петерборда Әлихан Бөкейханның мүсіні ашылды
Наверх

Астана
USD 334.48
EUR 355.62
CNY 48.58
RUB 5.25


Сан-Петерборда Әлихан Бөкейханның мүсіні ашылды

25 қараша 2016 ж 09:56

Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулин ТМД ПА және ҰҚШҰ ПА күзгі сессиясы аясында Сан-Петерборда көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері, ұлт-азаттық және Алаш қозғалысының жетекшісі, Алашорда автономиялы үкіметінің төрағасы, публицист, ғалым, аудармашы, Семей облысының атынан I Мемлекеттік Дума депутаты Әлихан Бөкейханның ескерткіш мүсінінің ашылуына қатысты, деп хабарлайды BNews.kz.


Салтанатты шара Таврический сарайындағы ТМД ПА штаб-пәтерінде өтті. Дәл осы жерде I Мемлекеттік Дума жиыны өткізілген.

«Екі ел президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен Владимир Путиннің сындарлы және батыл саясатының арқасында бүгінгі күні Қазақстан мен Ресей еуразиялық кеңістікте интеграцияның қозғаушы күшіне айналды. Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылдығы қарсаңында осы ескерткіштің ашылуының маңызы ерекше. Осы уақыттар ішінде біздің елдеріміз ТМД кеңістігінде стратегиялық және одақтас әріптестіктің жарқын үлгісін көрсетіп келеді», – дейді Нұрлан Нығматулин.

Әлихан Бөкейханның мүсіні Таврический сарайының атриумында орналасады. Қола мүсіннің биіктігі 2 метрден асады. Мүсін Қазақстан Парламенті депутаттары жинаған қаржыға жасалды.

Айта кетейік, осы жылы Әлихан Бөкейханның туғанына 150 жыл толады. Мерейтой ЮНЕСКО көлемінде аталып өтпек.


comments powered by HyperComments