Шымкентте 3 мың оқушыны жеке автобус тегін тасымалдайды
Наверх

Астана
USD 334.31
EUR 355.17
CNY 48.44
RUB 5.31


Шымкентте 3 мың оқушыны жеке автобус тегін тасымалдайды

2 желтоқсан 2016 ж 10:34 , Оңтүстік Қазақстан облысы
ФОТО: Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерекесіне орай Шымкент қалалық əкімшілігінің ескі ғимараты күрделі жөндеуден өтті. Атқарылған жұмыстың сапасын өңір басшысы Жансейіт Түймебаев пен қала әкімі Ғабидолла Әбдірахымов тексеріп, нысанды аралады, деп хабарлайды  BNews.kz.


Ғимараттың іргетасы 1950 жылы қаланған. 2015 жылдың қыркүйегінен басталған нысанның қайта жөндеу жұмыстарына 500 млн теңге бөлінді.

Бүгінгі таңда ғимаратқа Əл-Фараби аудан аппаратымен қатар қалалық білім бөлімі, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі де орналасқан.

Жаңа әкімшілік нысанының ашылуымен бірге облыс, қала басшылары ел Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерекесіне орай қала мектептеріне оқушы тасымалдаумен айналысатын 19 жаңа автобусты  табыстау рәсіміне қатысты. Жаңа көліктердің кілтін мектеп директорларына облыс әкімі Жансейіт Түймебаев табыс етті.

Айта кетейік, мектеп оқушыларының қауіпсіздігін қамтамасыз ете отырып тасымалдау мақсатында мемлекет тарапынан 11 мектепке жаңа автобус берілді. Алдағы уақытта, 3000-ға жуық оқушы мектепке жеке автобустар арқылы тегін жетеді.

Бұған дейін оқушыларды келісім-шарт арқылы жеке кәсіпкерлер  "Абад ЮГ"   ЖШС және «Төлеби  Автобус Паркі» ЖШС тасымалдаған болатын.


comments powered by HyperComments