Шымкенттік оқушылар әскери спорт түрлерінен сайысқа түсті (ФОТО)
Наверх

Астана
USD 335.71
EUR 357.36
CNY 48.76
RUB 5.23


Шымкенттік оқушылар әскери спорт түрлерінен сайысқа түсті (ФОТО)

23 қараша 2016 ж 18:20 , Оңтүстік Қазақстан облысы

Шымкент қаласының Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығы мерекесіне арналған іс-шаралар жоспарына сәйкес, С.Ерубаев атындағы №24 мектеп-лицейінің қабырғасында «Мен өз Отанымның батыл қорғаушысымын» атты және осы күнге тұспа-тұс келген Шекарашылар күніне арналған қалалық әскери-патриоттық сайыс өткізілді, деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі.


Аталған сайысқа 11 мектептің 150-ге жуық 10-11 сынып оқушылары қатысып, өзара бақ сынасты. Іс-шара барысында жастар саппен жүру, автоматты белгілі бір уақыт аралығында шашып-жинау, кермеге тартылу, кір тасын көтеру сияқты сайыс түрінен өзара сайысқа түсті.

Жарыстың қорытындысы бойынша жүлделі бірінші орынды №113 жалпы орта мектебі иеленсе, екінші орынға №104 жалпы орта мектебі мен №7 мектеп-лицейі тұрақтады. Ал, жүлделі үшінші орынды №52 мектеп-гимназиясы жеңіп алды.

Жеңімпаз атанған жас жауынгерлерге Құрмет грамоталары мен кубоктар табысталды.


comments powered by HyperComments