Тәуелсіздік құрдастары ұстаздар мен оқушыларды Тұңғыш Президент күнімен құттықтады
Наверх

Астана
USD 334.31
EUR 355.17
CNY 48.44
RUB 5.31


Тәуелсіздік құрдастары ұстаздар мен оқушыларды Тұңғыш Президент күнімен құттықтады

Ермек ЕЛЕМЕСОВ, 1 желтоқсан 2016 ж 13:38 , Павлодар облысы
ФОТО: автордікі

Павлодар облысы ішкі істер департаментінің Тәуелсіздікпен құрдас 25 қызметкері Назарбаев зияткерлік мектебінің оқушылары мен ұстаздарын Тұңғыш Президент күнімен құттықтады, деп хабарлайды Bnews.kz тілшісі.


Павлодарлық тәртіп сақшылары аталмыш оқу орнының оқушыларымен тығыз байланыс орнатқан. 

Ішкі істер департаментінің бастығы, полиция  генерал-майоры Марат Қожаев «Назарбаев зияткерлік мектебінің» оқушыларын Тұңғыш Президент күнімен құттықтады.

«Жастар – біздің барлық сенімімізді ақтайтын болашағымыздың тірегі. Бүгінгі біздің жасап жатқан барлық ісіміз – сендер үшін», - деді генерал-майор.

Марат Шадетханұлы құттықтау сөзінде павлодарлық полицейлердің жұмысына тоқталып кетті.  

«Ішкі істер органдарында қызмет ету – қауіпті әрі абыройлы мамандық. Полицейлер қоғамдық тәртіпті сақтаумен қатар, азаматтарымыздың қауіпсіздігін қамтамасыз етеді. Олардың қатары сендер сияқты ақылды, сауатты, дарынды жастармен толығады деген сенім бар», - дейді Марат Қожаев.

ҚР Тұңғыш Президенті күні аясында және оқуда үлкен жетістіктерге жеткені үшін  мектептің үздік ұстаздарына Павлодар облысы Ішкі істер департаментінің грамоталарын табыстады.

Жалпы, Павлодар облысының ішкі істер органдарында тәуелсіздікпен құрдас 300-ге жуық полицей қызмет етеді.


comments powered by HyperComments