Тұңғыш Президент күні ақтөбеліктер баспаналы болды (ФОТО)
Наверх

Астана
USD 334.31
EUR 355.17
CNY 48.44
RUB 5.31


Тұңғыш Президент күні ақтөбеліктер баспаналы болды (ФОТО)

ФОТО: автордікі

Бүгін бірқатар ақтөбелік Тұңғыш Президент күнімен қатар қоныс тойын да тойлады. Батыс-2 ауданындағы 6 қатарлы үйден қалалық тұрғын үй кезегінде тұрған 25 адамға пәтер кілттері табыс етілді. Кезегі жетіп, баспаналы болып жатқандар мемлекеттік қызметкерлер, құқық қорғаушылар мен мүгедек баласы бар отбасылар және бюджеттік салада қызмет ететіндер. Көп қатарлы, 108 пәтерлі үйді Қазақстан ипотекалық компаниясы «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында сатып алып, баспанаға мұқтаж адамдарға берді, деп хабарлайды Bnews.kz тілшісі.


Батыс-2 ауданындағы 6 қабатты үйден пәтер бұйырған ақтөбеліктер бүгін таңда салтанатты рәсімді асыға күтті. Арнайы дайындалған мерекелік бағдарлама, құттықтаулар мен жылы лебіздер. Облыс әкімі Бердібек Сапарбаев пен Қазақстан ипотекалық компаниясының басқарма төрағасы Әділ Мұхамеджанов қоныстанушыларды қос мерекемен құттықтады.

«Мемлекетіміздің тәуелсіздік алған күннен бастап жүргізіп келе жатқан саясаты  халықтың жағдайын, тұрмысын жақсарту. Адам үшін ең қажетті нәрсенің бірі – баспана. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың саясатының арқасында бізде көптеген мемлекттік бағдарламалар жүзеге асып жатыр. Негізгі мақсат –  халыққа баспана беру. Соның бірі  Қазақстан ипотекалық компаниясы» ИҰ» АҚ-ның баспанамен қамтамасыз ету бағдарламасы. Бұл компания тек Ақтөбеде ғана емес, Қазақстанның түкпір-түкпірінде пәтер беріп жатыр. Биыл 47 шаршы метр, яғни, 774 пәтер беріледі. Батыс-2 ауданындағы 6 қабатты үйде 108 пәтер бар. Бүгін 25 отбасы пәтер кілтін алды»,- деді облыс әкімі Бердібек Сапарбаев.

«Қазақстан ипотекалық компаниясы» ИҰ» АҚ өткен жылдан бері 900 отбасын баспанамен қамтыды. Пәтерлер 20 жылға жалға беріледі. Егер иесі сатып алу мүмкіндігіне ие болса, 5 жылдан соң құжаттарын рәсімдей алады. Ал биыл 391 пәтер берілуі тиіс. Пәтерлер тек қала бойынша үй кезегіне тіркеліп, уақыты жеткен тұрғындарға беріледі. Құжаттарды қала әкімдігі жинап, ипотекалық компанияға тапсырады. Төлем қабілеті расталса болғаны. Көптен күткен сәт жетіп, қоныстанушылар пәтерлерін тағы бір аралап шығуға асықты. Үш бөлмелі пәтерге қол жеткізген Ерлан Еламанов үй кезегінде 2008 жылдан бері тұрған. Ол облыстық ішкі істер департаментінде еңбек етеді, учаскелік инспектор. Екі баланың әкесі жаңа пәтерде ата-анасымен бірге тұратын болады.

«Бүгін біздің отбасы үшін қуанышты күн. Пәтер алу үшін ұзақ жылдар бойы кезекте тұрып, қаржы жинаған болатынбыз. Жаңа баспанаға айына 74 мың теңге төлейміз. Отбасында екі адам жұмыс істейді, бұл біз үшін ең тиімді жол»,- дейді пәтер иесі Ерлан Еламанов.

Қазақстан ипотекалық компаниясы биыл қаладағы құрылыс компанияларынан 744 пәтерді сатып алу келісімшартын жасады. Сонымен қатар, биыл «Нұр Ақтөбе» ауданында құрылыс жұмыстары басталды. Келер жылы 566 пәтер қолданысқа беріледі.


comments powered by HyperComments