Тұңғыш Президент күні ел дамуына үлес қосқан ақмолалықтар марапатқа ие болды (ФОТО)
Наверх

Астана
USD 334.31
EUR 355.17
CNY 48.44
RUB 5.31


Тұңғыш Президент күні ел дамуына үлес қосқан ақмолалықтар марапатқа ие болды (ФОТО)

Ақмарал АЙҒАРА, 1 желтоқсан 2016 ж 10:24
ФОТО: автордікі

«Көкшетау» мәдениет сарайында Қазақстанның Тұңғыш Президенті күніне орай өткізілген салтанатты жиында ел дамуына үлес қосқан ақмолалықтарға құрмет көрсетілді, деп хабарлайды BNews.kz тiлшiсi. 


Жиын барысында өңірдің 25 жылдағы жетістіктері паш етілген «Қуатты өңір – қуатты Қазақстан!» көрмесі ұйымдастырылды. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың саясаткерлік, қайраткерлік, әлемге танымал тұлғасы жайлы жан-жақты сыр шертетін бейнефильм көрсетілді.

Жиналғандарды жарқын мерекемен құттықтаған аймақ басшысы Сергей Кулагин өз сөзінде Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың халық пен мемлекет алдындағы ерен еңбегін атап өтті. 

«Біз, ақмолалықтар үнемі Президентіміздің барлық бастамаларын қолдап келеміз. Бұл мерекенің әрбір қазақстандық үшін маңызы зор. Егемендік алып, тәуелсіздіктің туын тіккен Қазақстан 25 жылдың ішінде биік асуларды бағындырып, көздеген межеден көрінді. Қарқынды дамуымызды Қазақстанның Тұңғыш Президентінің есімімен байланыстыруымыз әбден заңды. Саралы саясаттың, айқын бағыттың арқасында еліміз дамудың жарқын үлгісін көрсетіп келеді», – деді өңір басшысы.

Бостандық, еркіндік, тәуелсіздік – әр ұлт үшін асыл арман, ал оны сақтау – мәңгілік мұрат. Біздің халық осы арманға жол бастауды Елбасына сеніп тапсырған еді. Елі сенген Елбасының құрметіне аталып өтілетін мереке қарсаңында өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан елеулі үлесі және қоғамдық өмірге белсенді араласқаны үшін бір топ азамат облыс әкімінің Құрмет грамотасымен және Алғыс хатымен марапатталды.  

Салтанатты шара мерекелік концертке ұласып, өңірдің маңдайалды өнерпаздары әннен шашу шашты.

Бұл күні бірқатар әлеуметтік нысан ашылып, пайдалануға берілді. Аудандарда да көңілді ойын-сауықтар мен тақырыптық кештер ұйымдастырылды.


comments powered by HyperComments