Астаналықтар «Сиқырлы шоу» тамашалады
Наверх

Астана
USD 335.71
EUR 357.36
CNY 48.76
RUB 5.23


Астаналықтар «Сиқырлы шоу» тамашалады

2 желтоқсан 2016 ж 09:37 , Астана
ФОТО: astana.gov.kz

«Суық жүрек» мульфильмінің кейіпкерлері Бейбітшілік және келісім сарайында «өнер көрсетті». Тұңғыш Президент күніне арналған «Сиқырлы шоу» спектаклінің премьерасы кішкентай және ересек тұрғындарды бей-жай қалдырмады, деп хабарлады Астана әкімдігінің баспасөз қызметі.  


«Бұл шара «Мейiрiмдi кала» акциясыаясында ұйымдастырылды. Керемет шоу мейірімділікке, жақсылыққа үндейді. Бүгін біз мүмкіндігі шектеулі балаларды, көп балалы, аз қамтылған отбасылардан шыққан балаларды премьералық көрсетілімге шақырдық. Олардың арасында ауыр дертке шалдыққан балалар бар болғандықтан, келе алмаған балалар да бар. Біз олар туралы ұмытқан жоқпыз, жиналған қаражат оларға көмек көрсетуге бағытталады. Бүгінгі қойылым арқылы елордадағы шығармашылық ұжымдардың деңгейін көрсеткіміз келді», – деп мәлім етті көрсетілімнің алдында елорданың Мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасы басшысының орынбасары Нарима Мұхамбеталина.

Тұңғыш президент күніне тарту болған«Сиқырлы шоу» премьерасы қайырымдылық негізде балалар үйі мен интернаттардың тәрбиеленушілеріне арналды.

Бұл спектакль толықтай қазақстандық өнім, онда заманауи сахна технологиясы, тамаша костюмдер, айрықша декорациялар пайдаланылды.

«Сиқырлы шоудың»  бас режиссері Андрей Еремин қойылымды барынша мультипликациялық сипат беруге тырысқандығын айтты.

«Менің Қазақстанда жұмыс істегеніме бірнеше жыл болды. Бұл мюзикл – заманауи театр жобаларына бастау болатын қойылым. Өйткені, ол технологиялармен үйлестірілген. Біз сахнада мультфильм көрсетуге күш салдық, бейнедекорациялар арқылы көрерменнің өзі оған қатысып отырғандай сезім қалдыруға тырыстық. Әрбір эпизодта мульфильмнен алынған бейнесуреттер қолданылды. Әртістеріміз тірі, бірақ сол уақытта декорациямыз мультипликациялық сипатта болды», – дейді жобаның бас режиссері. 

Жобаның жетекшісі және авторы Татьяна Шкитина осындай мюзикл қою идеясын сегіз жыл бойы ойластырып жүргенін, қала тұрғындарының арасында мульфильм кейіпкерлері туралы сауалнама жүргізіліп, нәтижесінде осы мультфильм таңдап алынғанын айтады.

«Бұл шоуды жасауға көп күш, уақыт жұмсалды, барлығы 65 әртіс тартылды. Енді гастроль ұйымдастырып, қойылымды Қазақстанның барлық аймақтарында көрсеткіміз келеді», – деді Татьяна Шкитина.

Ал, әзірге артистер бұл шоу-думанымен елордалық көрермендерді қуантуда. Спектакльді 1-4 желтоқсан аралығында Бейбітшілік және келісім сарайында тамашалауға болады. 


comments powered by HyperComments