Үш жастағы қыз бала Құранды түгел жаттап алған
манифест каз
Наверх

Астана
USD 336.24
EUR 374.6
CNY 51.25
RUB 5.1


Үш жастағы қыз бала Құранды түгел жаттап алған

11 ақпан 2013 ж 13:39 , Астана

Нигериялық қыз бала Қасиетті Құранды небәрі 3 жасында бастан-аяқ жаттап алып, әлемдегі ең кішкентай хафиз атанды, деп жазады muslim.kz сайты. 


Руккайату Фатаху Омар Құранды 8 айдың ішінде толық жаттап алған. Өзі «Аллаға сансыз мадақ айтамын» дегеннен басқа ештеңе айтпайды. Анасы да сондай қарапайым болып шықты. Анасы Саиада Маймуна: «Шынымды айтсам, мен көп сөзге жоқпын. Бірақ осындай мүмкіндік бергені үшін Аллаға шексіз шүкіршілік етемін. Бұл Жаратқанның жарылқауы ғой», – дейді. 
Кішкентай қыз атақты ғалым Шейх Дахиру Осман Баучи негізін салған ислами жергілікті мектепте оқыған. Ол сүрелерді таңғы 7-ден кешкі 6-ға дейін жаттаған. Осы себептен ойнауды да доғарған.
Дарынды қыз биыл мектеп табалдырығын да ерте аттағалы отыр. Нигерияда, әдетте, қыздар мектепке 10 жасынан бастап барады.


comments powered by HyperComments