Ақтөбеде 300 адам тісін тегін емдетіп жатыр
Наверх

Астана
USD 334.31
EUR 355.17
CNY 48.44
RUB 5.31


Ақтөбеде 300 адам тісін тегін емдетіп жатыр

ФОТО: автор

Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай Ақтөбедегі балалар тіс емханасы тегін қызмет көрсетіп жатыр. Емхананың бас дәрігері Нартай Жиенғазиннің айтуынша, балаларға ғана емес, аз қамтылған отбасы мүшелеріне түгел тегін көмек көрсетіледі. Тіс емдеу, жұлу ақысыз, деп хабарлайды Bnews.kz тілшісі.


Ақтөбе қалалық емханасы балаларға тегін қызмет көрсетеді. Дегенмен, Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай аз қамтылған, көпбалалы отбасылардың мүшелеріне түгел ақысыз қызмет көрсету қолға алынды. Алғашқылардың бірі болып 11 баланы бауырына басқан Жетесовтер отбасы келді. Отағасы Өмірхан Жетесовтің айтуынша, төрт жастағы кіші ұлы Әлихан тісін емдетіп, Батыр тісін жұлдырды.

«Тәуелсіздік күніне орай емхана дәрігерлері біздің балаларымызға ерекше сый жасады. Қазір әрқайсысы емханаға келіп, тісін қаратып жатыр. Бір күнде 5 баламды қарап, тісін емдеуге, жұлдыруға жіберді. Өзгесі сабақтан тыс уақытта келіп, дәрігерлерден кеңес алады», – дейді Өмірхан Жетесов.

Айта кетейік, бұл отбасының балалары «Шашу» ансамблінде өнер көрсетеді. Ұлттық аспапта ойнап, ән шырқайтын балалар ақтөбеліктерге жақсы таныс.

«Тәуелсіздік күніне орай әлеуметтік аз қамтылған отбасы мүшелеріне тегін қызмет көрсетіледі. Олардың көбі балалар. Дегенмен, студенттер мен зейнеткерлер, әлеуметтік жағдайы төмен адамдар бар. Тіс жұлдыруға қаржы таппай жүрген адамдар акция туралы естіп, көмек сұрап келсе, оларға да қызмет көрсетеміз. Бұл шара 16 желтоқсанға дейін жалғасады», – дейді емхананың бас дәрігері Нартай Жиенғазы.

Қазіргі уақытта мемлекеттік тіс емханаларынан бөлек қаладағы медициналық жеке орталықтар да тегін қызмет көрсетуге көшті. Олар қарияларға арнап тіс протездерін салып берді.


comments powered by HyperComments