Ақтөбедегі жедел жәрдем станциясына 14 реанимобиль берілді (ФОТО)
Наверх

Астана
USD 334.31
EUR 355.17
CNY 48.44
RUB 5.31


Ақтөбедегі жедел жәрдем станциясына 14 реанимобиль берілді (ФОТО)

ФОТО: автордікі

Ақтөбедегі жедел жәрдем станциясына 14 реанимобиль берілді. Түрік инвесторлары жыл соңына дейін тағы 16 медициналық көлікті жеткізеді, деп хабарлайды Bnews.kz тілшісі.


Бұған дейін Ақтөбе облысының әкімдігі мен «Жедел жәрдем» ЖШС түрік компаниясымен бірлескен меморандумға қол қойған болатын. Алғашқы жетістік бар. Бүгін жедел жәрдем станциясына 14 реанимобиль пайдалануға берілді. «Мерседес» маркалы көліктер заманауи медициналық құрылғылармен жабдықталған. Мұнда ауа температурасы реттеледі. Көлік ішін жылытуға немесе салқындатуға мүмкіндік берілген.

«Жаңа көліктің мүмкіндіктері жоғары. Мұнда дефлибрилиатор мен кардиограф бір аппаратта орналасқан. Яғни, біздің жұмысымыз жеңілдеді. Әрі көлік ішінде арнайы зембілдер бар. Жоғары қабатта тұратын науқастарды түсіру жұмысы да жеңілдеп жатыр»,- дейді фельдшер Ринат Әлиев.

Айта кетейік, түрік инвесторлары жаңа жобаға 3,5 миллиард  теңге қаржы бағыттайды. Келісім аясында Батыс-2 ауданынан жылына 75 мың қоңырауды қабылдайтын 3 қосалқы станциясы бар қалалық жедел жәрдем бекеті салынады. Жаңа техникамен жұмыс істейтін фельдшерлер мен жүргізушілер арнайы оқытылады.

«Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев 2050 жылға қарай бәсекеге қабілетті 30 дамыған елдің қатарына кіру тапсырмасын алға қойған болатын. Бұл тапсырманы орындау үшін отандық медецинаны дамытуымыз керек. Қазіргі таңда жаңа технологиялар меңгеріліп, жүзеге асырылуда, барлық құрылғылар жаңартылып жатыр. Әлемнің жетекші клиникаларында үздік тәжірибе алмасу жұмысы жақсы нәтиже бере бастады. Бұл халықтың өмір сүру жасын ұзартуға мүмкіндік береді»,- деді Ақтөбе облысының әкімі Б.Сапарбаев.


comments powered by HyperComments