Елордада отандық және шетелдік медициналық ЖОО-ның серіктестік мәселелері талқыланды
Наверх

Астана
USD 335.71
EUR 357.36
CNY 48.76
RUB 5.23


Елордада отандық және шетелдік медициналық ЖОО-ның серіктестік мәселелері талқыланды

24 қараша 2016 ж 17:53 , Астана
ФОТО: mzsr.gov.kz

Бүгін Астанада «Жетекші шетел университеттері мен медициналық ЖОО арасындағы стратегиялық серіктестіктің бірінші кезеңінің қорытындылары туралы» халықаралық конференция өтті, деп хабарлайды BNews.kz.


Конференцияда сөз сөйлеген ҚР денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі Тамара Дүйсенова медициналық білімнің әрі қарай жетілдірілуі клиникалық тәжірибе, медициналық білім мен ғылыми қызметтің үшбірлігінің негізінде отандық медициналық ЖОО-ның әлеуетін нығайтуды қарастыратынын айтты.

Медициналық кадрларды дайындау саласында үздік халықаралық тәжірибені енгізу қазақстандық медицина университеттерінің шетелдік ЖОО-мен стратегиялық серіктестік негізінде жүзеге асырылады. Бұл ішкі және сыртқы нарықта отандық медициналық ЖОО-ның позицияларын нығайтуға, білім үдерісінің сапасын қамтамасыз етуге, ғылыми-зерттеу және  оқу-методикалық қызметті дамытуға мүмкіндік береді, деп хабарлады ДСӘДМ баспасөз қызметі.

«Стратегиялық әріптестіктің бірінші кезеңінде биыл әрбір медициналық ЖОО стратегиялық серіктестігін анықтап, келіссөздер жүргізді, меморандумдарға және келісімдерге қол қойды. ЖОО-ның қазіргі жағдайларының басым бағыттары бойынша стратегиялық серіктестермен бірлесе талдау жүргізген, жақсарту бойынша ұсыныстар берілген. Дүниежүзілік даму банкі және ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі қоса қаржыландырған жоба аясында стратегиялық серіктестікті іске асыру бойынша негізгі шаралар 2017-2019 жылдарға белгіленген. Серіктестің негізгі нысаны консалтинг, менторлық, бірлесіп және сенiмгерлiк басқару болуы қажет» – деді Т. Дүйсенова.

Конференция барысында С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медициналық университеті және Дюк университеті (АҚШ), Батыс Қазақстан мемлекеттік медициналық университеті және К. Марцинков атындағы Познан медициналық университеті (Польша), Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік фармацевтикалық академиясы және Гдан медициналық университеті (Польша), Қарағанды мемлекеттік медициналық университеті және Лунд университеті (Швеция), Семей қаласының мемлекеттік медицина университеті және Сент-Луис университеті (АҚШ), Астана медицина университеті және Ла Сапиенца университеттерінің (Италия) 2016 жылға стратегиялық әріптестігінің жұмысы қорытындыланды. 2017-2018 жылдарға арналған ЖОО-ның стратегиялық серіктестіктерінің мақсаттарымен міндеттері, сонымен қатар, Қазақстандағы медициналық білімді реформалаудың негізгі кезеңдері талқыланды.


comments powered by HyperComments