Жер кодексінің кей нормаларына енгізілген мораторий 2021 жылдың соңына дейін ұзартылады
Құрметті оқырман! Сiз «BNews.kz» АА сайтының ескі нұсқасын көріп тұрсыз. Бұл жерден 12.12.2016 ж. дейінгі барлық материалды көре аласыз.
Біздің жаңа сайтымыз www.bnews.kz орналасқан
Жоғары

Астана
USD 314.83
EUR 341.87
CNY 45.73
RUB 5.52


Жер кодексінің кей нормаларына енгізілген мораторий 2021 жылдың соңына дейін ұзартылады

23 қараша 2016 ж 15:30
ФОТО: BNews.kz архивінен

Мәжіліс депутаттары Жер кодексінің жекелеген нормаларының қолданысын 2021 жылдың 31 желтоқсанына дейін тоқтата тұруды көздейтін заң жобасын мақұлдады. Аталған заң жобасын ҚР Парламенті Мәжілісінің жалпы отырысында ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Ауыл шаруашылығы министрі Асқар Мырзахметов таныстырды, деп хабарлайды inform.kz.


«Сіздердің талқылауларыңызға ұсынылып отырған заң жобасы Мемлекет басшысы 2016 жылдың 18 тамызында қабылдаған Жарлығына сәйкес енгізіліп отыр. Жер реформасына байланысты қабылданған кей шешімдердің қоғамдық пікір тудыруына орай туындаған проблемаларды талқылай келе, мораторий жарияланған болатын. Оған орай 2016 жылы 30 маусымда тиісті Заң қабылдады. Сол Заңда мораторийдің мерзімі осы жылдың 31 желтоқсанына дейін деп белгіленген еді», – дейді ол.

Осы ретте министрдің айтуынша, жер саласындағы проблеманы жер комиссиясы қараған кезде ауыл шаруашылығы саласындағы жерлердің деректі қорын жасау, қолданыстағы көптеген нормаларға өзгерістер енгізу, оның ішінде ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлердің кадастрлық құнын қайта қарау мәселелері көтерілген.

«Осыған сәйкес, жер комиссиясы Мемлекет басшысына ұсыныс жасады. Ол ұсыныс ҚР Президенті тарапынан қолдау тауып, арнайы Жарлықпен 2016 жылдың 31 желтоқсанынан 2021 жылдың 31 желтоқсанына дейін ұзартылып отыр. Сіздерге енгізілген заң жобасында осы бір ғана мәселе қаралады», – дейді А.Мырзахметов.


Қатысты жаңалықтар:
comments powered by HyperComments