Жас кәсіпкер Елбасыға отандық сағат сыйлады (ФОТО)
Наверх

Астана
USD 334.31
EUR 355.17
CNY 48.44
RUB 5.31


Жас кәсіпкер Елбасыға отандық сағат сыйлады (ФОТО)

1 желтоқсан 2016 ж 14:29 , Астана
ФОТО: Бауыржан Жуасбаев

Астанадағы Тәуелсіздік сарайында өткен жастар форумында қарағандылық жас кәсіпкер Арман Тоқсанбаев Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевқа отандық сағат сыйлады, деп хабарлайды BNews.kz.


«Мен – жас кәсіпкермін. Қазір 25 жастамын, Тәуелсіздіктің құрдасымын. Жеке өзімде 4 компания бар. Оның біреуінің өзі жылына 168 млн теңге табыс табады.  33 жұмыс орнын қамтамасыз етіп отыр. «Отан» брендімен сағат жасайтын кәсіпорным «Қазақстанда жасалған» жобасын іске асыруға үлес қосуда. Сіздің тапсырмаңызбен жүзеге асырылып жатқан «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасының арқасында біздің кәсіпорын зор серпін алды. Сол себепті Сізге зор алғыс айта отырып, Сізге арнап жасаған қол сағатты сыйға тартпақпыз», -деді жас кәсіпкер.

Арман Тоқсанбаев Президенттің қолына сағатты өзі тағып берді. Елбасы өз кезегінде алдағы уақытта тек отандық сағат тағатынын айтты.

«Енді тек өзіміздің отандық сағаттарды ғана тағамыз. Швейцария сағатын ұмытамыз»,-деді Н.Назарбаев.


comments powered by HyperComments