«Оқжетпес» клубының бас бапкері қызметінен кетті

«Оқжетпес» клубының бас бапкері қызметінен кетті

18 мамыр, 09:58 147 Астана
 «Оқжетпес» клубының бас бапкері қызметінен кетті

Владимир Мұқанов «Оқжетпес» клубының бас бапкері қызметінен кетті, деп хабарлайды BNews.kz АА aladop.kz сайтына сілтеме жасап.

Ресейлік маман көкшетаулық клубта екі жарым маусым жұмыс істеді. Оның жетекшілігінде «Оқжетпес» ҚПЛ-да өткен маусымда бесінші орын алып, Қазақстан чемпионатының тарихындағы өзінің үздік нәтижесіне қол жеткізді.

Биылғы маусымда «Оқжетпес» 12 турдан кейін 11 ұпаймен сегізінші орында келеді.

Бірнеше күн бұрын командадан директор Николай Панин мен спорт директоры Рустам Раджабов кеткен болатын.

Loading...
тақырыпты жалғастыруға «спорт»