Павлодар облысында полицейлерге арналған жатақхана пайдалануға берілді

Павлодар облысында полицейлерге арналған жатақхана пайдалануға берілді

13 желтоқсан, 19:51 270 Павлодар облысы
Павлодар облысында полицейлерге арналған жатақхана пайдалануға берілді

Павлодар қаласында ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығы қарсаңында тәртіп сақшыларына арналған 110 бөлмелі жатақхана пайдалануға берілді, деп хабарлайды Bnews.kz тілшісі.

Жаңа бөлмелердің кілттеріне 38 тәртіп сақшысы ие болды. Олардың 18-і үйлі-баранды болса, қалғаны отбасы құрмаған азаматтар. Павлодар облыстық ішкі істер департаментінің бастығы, генерал-майор Марат Қожаевтың айтуынша, бүгінгі таңда жол-патрульдың қызметте еңбек ететін 360 азаматтың 130-ы тұрғын үйге мұқтаж.

«Полицейлерді тұрғын үймен қамту – өзекті мәселелердің бірі. Сондықтан, бұл проблеманы шешу мақсатында тиісті жұмыстар қолғ алынды. Қазіргі таңда тәртіп сақшыларының кәсібилігі мен қырағылығының арқасында құқықбұзушылықтар азаюда. Мәселен, көшеде жасалатын қылмыстырдың қатары 20%-ға төмендеген. Ішкі істер органдарының материалдық-техникалық базасы жыл сайын заманауи техникамен толығуда», - дейді Марат Қожаев.

Фото: автор

Алдағы уақытта жатақхананың бірінші қабатында полицейлердің балаларына арналған шағыр орталық ашылмақ.

Павлодар облыстық ІІД-нің мәліметінше, бұған дейін жергілікті полиция қызметіне қызметтік автокөліктің 52 бірлігі, компьютерлік техниканың 37 бірлігі сатып алынды. сондай-ақ, видеотіркегіштермен кезең-кезеңмен қамту жұмыстары атқарылуда. 

Бүгінгі таңда жергілікті полиция қызметі қоғамдық тәртіп пен азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында видеобақылау қызметін қолдануда. Павлодар қаласы бойынша - 64 видеокамера, Ақсу қаласында - 15 видеокамера, Екібастұз қаласында - 28.  Нәтижесінде видеокамералар жүйесінің көмегімен облыс бойынша 95 қылмыстың беті ашылды, 7 694 әкімшілік құқықбұзушылық анықталды.

Фото: автор

Өңірдегі қоғамдық орындар мен көшелерде жасалатын қылмыстардың тұрақты азаюы – жергілікті полиция қызметі жеткен жетістіктердің бір бөлігі. Мәселен, еліміз бойынша Павлодар аймағындағы ІІД қоғамдық орындардағы қылмыстар бойынша – үшінші, ал көшелерде жасалатын қылмыстар бойынша төртінші орынға ие.

Құқықбұзушылықтардың жалпы тіркелуі 18,2%-ға азайды, сонымен қатар индексті қылмыстар бойынша азаю байқалады.

Loading...
тақырыпты жалғастыруға «Тәуелсіздікке 25 жыл»