Павлодар облысында сұйытылған газ тиелген көлік жолдан шығып кетті

Павлодар облысында сұйытылған газ тиелген көлік жолдан шығып кетті

13 желтоқсан, 15:27 267 Павлодар облысы
Павлодар облысында сұйытылған газ тиелген көлік жолдан шығып кетті

Павлодар облысының Успенка ауданында 18 тонна сұйытылған газ тиелген жүк көлігі жолдан шығып кетті, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі.

Облыстық төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің маманы Абылайхан Құсмановтың мәліметінше, оқыс оқиға туралы ақпарат бүгін таңертең түскен.

«Успен ауылынан 3 шақырым жерде сұйытылған газ тиелген «SСANIA» көлігі жолдан шығып кетті. Автоцистерна Павлодар қаласынан Новосібірге жол тартқан. Абырой болғанда, газ сыртқа төгілген жоқ. Оқиға орнына Успен аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің мамандары дереу жетіп, тиісті жұмыстарды қолға алды», - деп хабарлады ведомстводан.

Тасжолға шығарылған көлік сапарын жалғастырды.

Loading...