Павлодар облысының 2017 жылғы бюджеті 6 есеге артпақ

Павлодар облысының 2017 жылғы бюджеті 6 есеге артпақ

12 желтоқсан, 19:52 569 Павлодар облысы
Павлодар облысының 2017 жылғы бюджеті 6 есеге артпақ

Келесі жылы Павлодар облысының бюджетіне республикадан құйылатын қаражат былтырғы жылға қарағанда 6 есе көп болмақ, деп хабарлайды Bnews.kz тілшісі.

Бұл туралы облыстың үш жылдық бюджетін бекіткен облыстық мәслихат сессиясында белгілі болды.

Өңірдегі экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Мақсат Тұрлыбаевтың айтуынша, келесі жылы аймақ бюджетінің көлемі 139,5 млрд. теңгені құрамақ. Бұл соманың 43 млрд. теңгесі республикалық бюджеттен түспек.

Айта кетейік, алдағы үш жылдың ішінде Павлодар облысына республикадан келетін субвенцияны санамағанда 320,7 млрд. теңге жинау жоспарлануда. Атап айтқанда, келер жылы - 101,7 млрд теңге, 2018 жылы - 108 млрд. теңге жиналса, тағы 110 млрд. теңге 2019 жылға тиесілі болады.

Бақсарма мамандарының мәліметінше, келесі жылы 43,6 млрд. теңге әлеуметтік салаға жұмсалады. Оның ішінде 15 млрд. теңге - білім беру, 17,3 млрд. теңге - денсаулық сақтау, 3,9 млрд. теңге - әлеуметтік көмекке, 1,9 млрд. теңге - мәдениет және мұрағаттар ұйымдарына, 3,9 млрд теңге - спорт, 5,9 млрд теңге - қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге, 300 млн. теңге - қорғаныс саласына қарастырылған.

«Биылғы жылмен салыстырғанда бұл - 20 пайызға артық - 6,1 млрд. теңге өңірде ауыл шаруашылығы және ветеринарияны дамытуға бағытталған. 2017 жылы жолдарды жөндеуге 5,6 млрд. теңге бөлінеді. Бұл - былтырға қарағанда екі есеге жоғары көрсеткіш. Табиғат сақтау шараларына 792,2 млн. теңге, бизнес саласын дамытуға 1,8 млрд. теңге жұмсау жоспарланған. Сонымсен қатар, облыстың қалаларын дамытуға бөлінген қаржы 34,6 млрд теңгені құрайды. Өткен жылы  небары 15,9 млрд теңге болған», - дейді ведомство мамандары.

«Үш жыл бойы барлық баяндамаларда айтылып келе жатқан дәйексөзді тағы бір мәрте қайталаймын. Биылғы жыл жеңіл болған жоқ. Бюджет бойынша шектеу қойылған тәртіпте жұмыс істедік. Сонымен қатар, соңғы жылдары республикалық бюджеттен түсетін субвенция көлемі 7 миллиард теңгеге төмендеді. Мәселен, биыл 7,2 млрд. теңге болған. Мемлекет басшысы және Үкіметтің қолдауымен Павлодар облысының үш жылдық бюджеті бізге қажетті өлшемде бекітілді. Ұзаққа барған мәселелер шешімін тапты. Басты мақсатымыз -  қолда бар ресурсты дұрыс игеру», - дейді облыс әкімі Болат Бақауов.

Loading...
тақырыпты жалғастыруға «Павлодар облысы»