Бүгін Мәжілісте Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай халықаралық конференция өтеді
Құрметті оқырман! Сiз «BNews.kz» АА сайтының ескі нұсқасын көріп тұрсыз. Бұл жерден 12.12.2016 ж. дейінгі барлық материалды көре аласыз.
Біздің жаңа сайтымыз www.bnews.kz орналасқан
Жоғары

Астана
USD 343.83
EUR 383.95
CNY 52.8
RUB 5.06


Бүгін Мәжілісте Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай халықаралық конференция өтеді

28 қараша 2016 ж 09:31 , Астана
ФОТО: parlam.kz

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі және Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің ұйымдастыруымен Тұңғыш Президент күні, сондай-ақ, Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерейтойына орай Астанада «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл: Нәтижелер. Жетістіктер. Келешек көкжиегі» атты халықаралық конференция өтеді, деп хабарлайды BNews.kz.


 Конференция жұмысына қазақтандық және Ресейдің, Түркияның, Финляндияның басқа да бірқатар елдің Парламент депутаттары, мүдделі министрлік өкілдері, отандық және шетелдік ғалымдар мен сарапшылар қатысады.Маңызды жиында Парламент Мәжілісінің Төрағасы Н. Нығматулин сөз сөйлейді.

Конференция үш сессияны қамтиды. Шарада Қазақстандағы экономикалық және саяси реформалардың негізгі нәтижелерін, мемлекеттің әлемдік саясаттағы орнын, сондай-ақ, әлеуметтік және экономикалық салалардағы, ішкі және сыртқы саясаттағы ел дамуына әсер ете алатын ауқымды сұрақтарды талқылау көзделген. Конференция барысында Қауіпсіздік пен даму мәселелерін зерттеу институты (ISDP, Стокгольм) мен Джонс Хопкинс Университетінің Орталық Азия және Кавказ жөніндегі Институтының (CACI, Вашингтон) аға сарапшыларының «Қазақстан 2041: Келесі 25 жылға арналған сценарийлер» (Kazakhstan 2041: Scenarios for the Next 25 Years) тақырыбындағы бірлескен баяндамасын ұсынулары жоспарланған.

Шара  «Rixos President Astana» қонақ үйінің «Жерұйық залында сағат 10-00-де басталады.


Қатысты жаңалықтар:
comments powered by HyperComments