Ертең Мәжіліс отырысында «Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай рақымшылық жасау туралы» заң жобасы қаралады
Құрметті оқырман! Сiз «BNews.kz» АА сайтының ескі нұсқасын көріп тұрсыз. Бұл жерден 12.12.2016 ж. дейінгі барлық материалды көре аласыз.
Біздің жаңа сайтымыз www.bnews.kz орналасқан
Жоғары

Астана
USD 331.08
EUR 353
CNY 48.24
RUB 5.5


Ертең Мәжіліс отырысында «Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай рақымшылық жасау туралы» заң жобасы қаралады

29 қараша 2016 ж 19:58 , Астана
ФОТО: Bnews.kz мұрағаты

Ертең  сағат 10:00-де ҚР Парламенті Мәжілісінің жалпы отырысы болады, деп хабарлайды BNews.kz.

 


Отырыста «Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің жиырма бес жылдығына байланысты рақымшылық жасау туралы», «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне көлік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу» заң жобалары қаралады.

Сондай-ақ, «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Словения Республикасының Үкіметі арасындағы Табыс пен капиталға салынатын салықтарға қатысты қосарланған салық салуды болдырмау және салық салудан жалтаруға жол бермеу туралы конвенцияны және оған Хаттаманы ратификациялау туралы», «Пробация туралы (бірінші оқылым), «Дактилоскопиялық және геномдық тіркеу туралы» (бірінші оқылым), «Волонтерлік қызмет туралы», «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мәдениет мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы», «Қарсы барлау қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы жөнінде (екінші оқылым) талқыланады.


comments powered by HyperComments