Мәжіліс рақымшылық жасау туралы заң жобасын қабылдады
Құрметті оқырман! Сiз «BNews.kz» АА сайтының ескі нұсқасын көріп тұрсыз. Бұл жерден 12.12.2016 ж. дейінгі барлық материалды көре аласыз.
Біздің жаңа сайтымыз www.bnews.kz орналасқан
Жоғары

Астана
USD 314.83
EUR 341.87
CNY 45.73
RUB 5.52


Мәжіліс рақымшылық жасау туралы заң жобасын қабылдады

30 қараша 2016 ж 11:06 , Астана
ФОТО: Bnews.kz мұрағаты

Бүгін Парламенттің төменгі палатасы Мәжіліс пленарлы отырыс кезінде «ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына байланысты рақымшылық жасау туралы» заң жобасын қабылдады, деп хабарлайды BNews.kz.


«Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Конституцияның 61-бабының 1-тармағына сәйкес өз бастамасымен ҚР Парламенті Мәжілісінің қарауына «Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына байланысты рақымшылық жасау туралы» заң жобасын енгізген болатын. Биыл Қазақстанның тәуелсіздік алғанына 25 жыл толып отыр. Конституция адамдардың өмірін жоғары бағалайды, еркіндігі мен құқығын қорғайды. Бұл рақымшылық шарасы заң бұзған азаматтарға қатысты ізгілік актісі, мемлекет тарапынан мейірімділік пен сенім білдірудің көрінісі болып саналады», – деді Мәжілістің Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің төрағасы Нұрлан Әбдіров.

Оның айтуынша, бұл заң жобасы, негізінен, азаматтардың әлеуметтік осал санаттарын, кәмелетке толмағандарды, жүкті әйелдерді, кәмелет жасқа толмаған балалары бар әйелдерді, қарт адамдарды, мүгедектерді, сондай-ақ болмашы және ауыр емес қылмыс жасаған адамдарды қылмыстық жазадан босатуды көздейді.


Қатысты жаңалықтар:
comments powered by HyperComments