Мәжілісте дене шынықтыру және спорт мәселелеріне қатысты заң жобасы таныстырылды
Наверх

Астана
USD 334.31
EUR 355.17
CNY 48.44
RUB 5.31


Мәжілісте дене шынықтыру және спорт мәселелеріне қатысты заң жобасы таныстырылды

24 қараша 2016 ж 15:55 , Астана
ФОТО: ҚР Парламенті Мәжілісінің баспасөз қызметі

Бүгін Мәжілісте Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің төрайымы Гүлнар Иксанованың қатысуымен «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне дене шынықтыру және спорт мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы таныстырылды, деп хабарлайды BNews.kz.


Заң жобасына енгізілетін өзгерістер жайында Мәдениет және спорт министрінің орынбасары Сәкен Мұсайбеков баяндап берді. Ол дене шынықтыру мен спортты қаржыландырудың қолданыстағы жүйесін жетілдіру мақсатында әзірленген. Сондай-ақ, Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне және «Дене шынықтыру және спорт туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу көзделген.

Бюджет кодексіне түзетулер дене шынықтыру мен спортты дамыту саласындағы Қазақстан Республикасы Ұлттық Олимпиада комитеті мен оның ұйымдарына мемлекеттік тапсырма алу және орындау құқығын беру мүмкіндігін де көздейді. «Дене шынықтыру және спорт туралы» Заңда ұғымдық аппарат спорт түрлерін саралау, олимпиада, олимпиадалық емес және паралимпиада спорт түрлері ұғымдармен толықтырылған, құқықтық коллизиялары жойылған. Спорт түрлері бойынша бюджет қаражатының теңгерімді бөлінуін қамтамасыз ету мақсатында спорт түрлерін саралау жүйесі енгізіледі. Бюджетті айқындаған кезде оларды саралау критерийлері ескерілетін болады, деп хабарлады Мәжілістің баспасөз қызметі.

Осылайша, Заң жобасын қабылдау нәтижесінде Қазақстан Республикасында Қазақстан үшін дәстүрлі болып табылатын және халықаралық деңгейдегі жоғары спорт нәтижелерін әкелетін республикалық және облыстық деңгейде спорт түрлерін объективті және тәуелсіз қаржыландыруға кепілдік беретін спортты қаржыландырудың жеке моделі әзірленеді. Тұсаукесерге Парламентке өтпеген: «Ауыл», «Бірлік», «ЖСДП» партиялардың және Қарағанды, Қызылорда облыстары мен Алматы, Астана қалаларының дене шынықтыру және спорт басқармаларының өкілдері қатысты. Құрметті меймандар қатарында жүзуден «РИО-2016» XV Паралимпиялық ойындар чемпионы Зүлфия Ғабдулина да болды. «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының, «Самұрық-Қазына» әлеуметтік ұлттық қорының, таэквондо федерациясы, гимнастика, т.б. дене шынықтыру және спортқа қатысы бар мекемелердің өкілдері де қатысты. Заң жобасы бойынша жұмыс тобының жетекшісі депутат Наталья Жұмаділдаева. Енді заң жобасы бойынша жұмыс тобының алғашқы отырысы 29 қарашаға белгіленді


comments powered by HyperComments