Н. Нығматулин Санкт-Петерборда Ә.Бөкейханның ескерткіш мүсінінің ашылуына қатысады
Құрметті оқырман! Сiз «BNews.kz» АА сайтының ескі нұсқасын көріп тұрсыз. Бұл жерден 12.12.2016 ж. дейінгі барлық материалды көре аласыз.
Біздің жаңа сайтымыз www.bnews.kz орналасқан
Жоғары

Астана
USD 319.19
EUR 339.01
CNY 46.41
RUB 5.5


Н. Нығматулин Санкт-Петерборда Ә.Бөкейханның ескерткіш мүсінінің ашылуына қатысады

24 қараша 2016 ж 10:48 , Астана
ФОТО: ҚР Парламенті Мәжілісінің баспасөз қызметі

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің төрағасы Н.Нығматулин Санкт-Петерборда Ә.Бөкейхановтың ескерткіш мүсінінің ашылуына қатысады, деп хабарлайды BNews.kz.


Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин Санкт-Петерборда көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері, Алашорда автономиялы үкіметінің төрағасы Әлихан Бөкейханұлының ескерткіш мүсінінің ашылуына қатысады. Салтанатты шара Таврический сарайында ТМД ПАА штаб-пәтерінде өтеді.

Осында 24-25 қарашада ТМД ПАА және ҰҚШҰ ПА шаралары өтеді деп жоспарланған. Палата төрағасы Нұрлан Нығматулин бастаған мәжілісмендер, сондай-ақ, ТМД ПАА 45-ші пленарлық отырысына қатысады. Онда әлеуметтік үлгідегі заңдар топтамасы талқыға түспек.

Сондай-ақ, қауіпсіздік, соның ішінде, экстремизм мен терроризм мәселелері де назардан тыс қалмайды. Сапар аясында Нұрлан Нығматулиннің ҰҚШҰ ПА жиынында сөз сөйлеуі және Әзербайжан, Қырғызстан, Ресейден келген әріптестерімен екіжақты кездесулер жоспарланған.


Қатысты жаңалықтар:
comments powered by HyperComments