Елбасы Мұхтар Құл-Мұхаммедті қабылдады
Құрметті оқырман! Сiз «BNews.kz» АА сайтының ескі нұсқасын көріп тұрсыз. Бұл жерден 12.12.2016 ж. дейінгі барлық материалды көре аласыз.
Біздің жаңа сайтымыз www.bnews.kz орналасқан
Жоғары

Астана
USD 318.61
EUR 339.1
CNY 46.4
RUB 5.52


Елбасы Мұхтар Құл-Мұхаммедті қабылдады

25 қараша 2016 ж 17:59 , Астана
ФОТО: akorda.kz

Қазақстан Президенті «Нұр Отан» партиясы төрағасының орынбасары Мұхтар Құл-Мұхаммедті қабылдады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.


Кездесу барысында Елбасы мемлекет құрудың бастапқы кезеңінен бергі даму жолында «Нұр Отан» партиясының атқарған рөлі мен еңбегіне тоқталды.

Сондай-ақ, Мемлекет басшысы еліміздің қоғамдық-саяси өміріне партияның белсене атсалысып келе жатқанын, оның халық алдындағы беделінің және этносаралық қарым-қатынасты нығайтуға қосқан үлесінің зор екенін атап өтті.

М.Құл-Мұхаммед Нұрсұлтан Назарбаевқа партияның мемлекеттік бағдарламалардың іске асырылу барысын бақылау жөніндегі жұмысы туралы да баяндады.

Қазақстан Президенті кездесу қорытындысы бойынша бірқатар нақты тапсырма берді.


Қатысты жаңалықтар:
comments powered by HyperComments