Қазақстан халқы команданте Фидель Кастроны тарихи тұлға ретінде есінде сақтайды – Елбасы
Құрметті оқырман! Сiз «BNews.kz» АА сайтының ескі нұсқасын көріп тұрсыз. Бұл жерден 12.12.2016 ж. дейінгі барлық материалды көре аласыз.
Біздің жаңа сайтымыз www.bnews.kz орналасқан
Жоғары

Астана
USD 313.9
EUR 342.03
CNY 45.54
RUB 5.52


Қазақстан халқы команданте Фидель Кастроны тарихи тұлға ретінде есінде сақтайды – Елбасы

28 қараша 2016 ж 09:08 , Астана

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Фидель Кастроның қайтыс болуына байланысты Куба Республикасы Мемлекеттік кеңесінің және Министрлер кеңесінің төрағасы Рауль Модесто Кастро Русоға көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.


Жеделхатта Қазақстан Президенті Куба революциясы көшбасшысының дүниеден өткені туралы хабарды зор күйзеліспен қабылдағаны атап өтілген.

«Қазақстан халқы команданте Фидель Кастроны парасатты басшы, беделді саясаткер және екіжақты ынтымақтастықты нығайтуға зор еңбек сіңірген тарихи тұлға ретінде есінде сақтайтын болады», – делінген көңіл айту жеделхатында.

Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқының және жеке өзінің атынан достас Куба Республикасының халқына көңіл айтты.


Қатысты жаңалықтар:
comments powered by HyperComments