Мемлекет басшысы 2017-2019 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы заңға қол қойды
Наверх

Астана
USD 336.23
EUR 360.3
CNY 48.86
RUB 5.28


Мемлекет басшысы 2017-2019 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы заңға қол қойды

29 қараша 2016 ж 17:24 , Астана
ФОТО: Bnews.kz мұрағаты

 

 

Мемлекет басшысы Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне сәйкес елдің әлеуметтік-экономикалық даму болжамдары негізінде әзірленген «2017-2019 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

 


Мемлекет басшысы Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне сәйкес елдің әлеуметтік-экономикалық даму болжамдары негізінде әзірленген «2017-2019 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.

Бұдан басқа, Мемлекет басшысы Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне сәйкес әзірленген және республикалық бюджет пен астананың, Алматы қаласының және облыстардың бюджеттері арасындағы бюджетаралық қатынастарды реттеуге бағытталған «Республикалық және облыстық бюджеттер, республикалық маңызы бар қала, Астана бюджеттері арасындағы 2017-2019 жылдарға арналған жалпы сипаттағы трансферттердің көлемі туралы» Қазақстан Республикасы Заңына қол қойды.

Мемлекет басшысы Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан республикалық бюджетке түсетін кепілдік берілген трансферттің көлемін бекітетін «Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан 2017-2019 жылдарға арналған кепілдендірілген трансферт туралы» Қазақстан Республикасы Заңына қол қойды

Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады.


comments powered by HyperComments