Мемлекет басшысы еліміздің әлеуметтік-экономикалық даму мәселелері жөнінде кеңес өткізді
Наверх

Астана
USD 336.23
EUR 360.3
CNY 48.86
RUB 5.28


Мемлекет басшысы еліміздің әлеуметтік-экономикалық даму мәселелері жөнінде кеңес өткізді

24 қараша 2016 ж 09:06 , Астана
ФОТО: akorda.kz

Елбасы Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық даму мәселелері жөнінде кеңес өткізді, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.


Кеңеске Премьер-Министр Б.Сағынтаев, Президент Әкімшілігінің басшысы Ә.Жақсыбеков, Ұлттық банк төрағасы Д.Ақышев, Премьер-Министрдің бірінші орынбасары А.Мамин, Премьер-Министрдің орынбасары – Ауыл шаруашылығы министрі А.Мырзахметов, Премьер-Министрдің орынбасары И.Тасмағамбетов, Президенттің көмекшісі Ә.Смайылов, Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі Т.Дүйсенова, Қаржы министрі Б.Сұлтанов, Ұлттық экономика министрі Қ.Бишімбаев қатысты.

Іс-шара барысында маңызды бағдарламалық құжаттарға қатысты негізгі ұстанымдар қарастырылды.

Мемлекет басшысы жиналғандарға арнаған сөзінде биылғы қыркүйекте Үкіметтің кеңейтілген отырысында тиісті тапсырмалар берілгенін айтты.

Нұрсұлтан Назарбаев аграрлық сала мәселелері жан-жақты қарастыруды талап ететінін атап өтті. Өнім көлемін ұлғайту, өнімділікті арттыру, ауыл шаруашылығы өндірісін әртараптандыру, азық-түлік импортын азайту, өңделген өнім экспортын көбейту және ауыл шаруашылығы кооперациясын жетілдіру агроөнеркәсіп кешенін дамыту жөніндегі мемлекеттік бағдарламаның басымдығы бар бағыттары болып саналады.

«Біздің өңдеуші кәсіпорындарымыз 30-40% жүктемемен жұмыс жүргізуде. Олардың жұмысының толық қуаттылығына жетуін қамтамасыз ету үшін шикізат керек, оның жеткізілетін мөлшерін арттыру үшін ауыл шаруашылығы кооперациясын дамыту қажет», – деді Қазақстан Президенті.

Сондай-ақ, Елбасы өзін-өзі жұмыспен тиімсіз қамтып отырғандардың үлесі едәуір екенін атап өтті.

«Халықтың бұл санаты өзін-өзі жұмыспен тиімді түрде қамту үшін жүйелі шаралар қабылдау қажет. Жұмыссыздарды бос жұмыс орындары бар жерлерге тарту керек. Өңірлердегі азаматтар жұмыспен қамту бағдарламалары және бос орындар туралы білуге тиіс», – деді Мемлекет басшысы.

Сонымен бірге, Нұрсұлтан Назарбаев ауыл жастарын қайта даярлау және ауылдағы жұмыспен қамтылу деңгейін арттырудың маңыздылығына тоқталды.


comments powered by HyperComments